Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Қызылордалық сайлаушылардың 73,90 пайызы саяси науқанға қатысты

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі саяси науқанда Қызылордада сайлаушылардың 73,90 пайызы өз таңдауын жасады. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz

Қызылордалық сайлаушылардың 73,90 пайызы саяси науқанға қатысты

Облыста 492198 сайлаушы тіркелген болса, бүгін солардың 363754 мыңы дауыс берді. Науқан барысында сайлау комиссиясының 2821 мүшесі қызмет көрсетті. Аймақтағы 13 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі сайлаушы үшін 30-ға жуық инватакси шығарылды. Ал жылжымалы жәшік арқылы дауыс беруге 2061 адам өтініш білдірген.