Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әбу-Дабиде өтіп жатқан халықаралық турнирдің ¼ финалына жолдама алды.

Жарыстың екінші айналымында отандасымыз WTA рейтингінде 123-орында тұрған қытайлық Ван Сиюмен кездесіп, екі сетте 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Екі теннисші бұған дейін бір-бірімен 2017 жылы US Open-де жолығып, ол ойында да Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен айқын жеңіске жеткен-ді.
Отандасымыз үшінші айналымдағы кездесуін күні кеше әлемдік рейтингте 72-орынға жайғасқан Дарья Касаткинамен өткізіп, бұл жолы да матчты екі сеттен (6:3, 6:4) ары асырған жоқ. Былтыр қарсыластар өзара бірінші рет кездесіп, онда ресейлік теннисші басым түскен еді. Бұл жолы жерлесіміз есе қайтаруға мүмкіндік алды. Енді Е.Рыбакина ширек финалда әлемнің 10, осы доданың 4-ракеткасы Арина Соболенкомен (Беларусь) шеберлік байқасады.
Қазақстандық Юлия Путинцеваның да үшінші кезеңге өткенін айта кетейік.
Қазақстанда қанша шетелдік көлік заңдастырылды?
Қоғам • Бүгін, 12:10
Қазақстандық атқыш қыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Спорт • Бүгін, 11:58
28-30 наурызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 11:43
Бибісара Асаубаева кешірім сұрады
Шахмат • Бүгін, 11:35
Бас мүфти TikTok-та қате уағыз айтатын имамдарға ескерту жасады
Дін • Бүгін, 11:22
Мемлекет басшысы Шавкат Рахмоновты қабылдады
Президент • Бүгін, 11:11
Ұқсас жаңалықтар