Оқиға • 11 Қаңтар, 2021

650 учаске жұмыс істеді

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Петропавл қаласында қыстың әсем шағырмақ күні тұрды. Алдыңғы түнде жауған ақ ұлпа қар көзді қарып, айналаның бәрін аппақ қылған. Осыдан 2-3 күн ғана болған 35-40 градустық суықтың бүгін ізі де жоқ. Бұл да болса халықтың көңілін көтеріп, бәрі де сайлау учаскелеріне қарай ағылды.

650 учаске жұмыс істеді

Таңғы сағат 07-де об­лыстағы барлық 650 сайлау учаскесі өзінің есіктерін ай­қара ашып, сайлаушыларды қарсы алды. Облыста 14 аумақ­­тық сайлау учаскесі бар. Аумақ­тық учаскелер өңір­­дегі барлық 13 ауданның ор­талықтары мен облыс орта­лығында орналасқан.

Тәуелсіздік жылдары Сол­түстік Қазақстанның сай­лаушылары барлық сай­лау­ға белсене қатысып келеді. Бүгінгі сайлауға да облыс тұр­ғындары белсене қатысты. Әркім өзі қалаған партиясына дауысын беруге асыққан адамдарды Петропавлдың барлық түкпірінен көруге болатын еді.

Биылғы сайлаудың ерек­шелігі – барлық деңгейдегі депутаттар партиялық тізім бойынша сайланды. Бұл қазақстандық парламентаризмді дамытудың тағы бір қадамы болды.

Кешкі сағат 20.00-дегі мә­ліметке қара­ғанда сол­түс­тік­қазақстандық сай­лау­шы­лардың 75,5 пайызы сайлауға қатысып, өз дауыстарын берген. Бұл республика бойынша алдыңғы орындардың бірі.

Жалпы, теріскейліктер өз­дерінің қалауын алдын ала белгілеп, еліміздегі ты­ныштық пен тұрақтылыққа дауыс бергені сөзсіз.

 

Солтүстік Қазақстан облысы