Сайлау • 11 Қаңтар, 2021

Тайғаққа қарамастан таңдау жасады

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттарының сайлауы Батыс Қазақстан облысында да ұйымшылдықпен өтті.

Тайғаққа қарамастан таңдау жасады

Өңірдегі барлық сайлау учаскесі санитарлық талапқа сай жабдықталған. Сайлау учас­кесіне келген тұрғындарға тегін медициналық маска бе­рілді. Орал қаласында қоғамдық кө­ліктер тегін жүрді.

Бұл сайлауда Батыс Қазақ­стан облысында 451 мыңдай адам дауыс бере алады. Об­лыс аумағында 505 сайлау учаскесі болса, соның 110-ы – Орал қала­сында, 80-і аудандарда ор­наласқан. Өңірден Мәжіліс және мәслихат де­путаттығына 450 үміт­кер тір­келген.

Екі күн бұрын Батыс Қазақ­стан облысы аумағында боран соғып, көп жерде қар аралас жаңбыр жауып кетті. Содан да кеше көшеде көктайғақ бо­лып, жаяу жүргіншілердің жү­ріп-тұруы қиындап кетті. Жергілікті билік орындары жол­дарды тазалау, құм себу жұмысын жедел жүргізді.

Қорыта айтқанда, батыс­қазақстандықтар сайлауға бел­сенді түрде қатысты.

 

Батыс Қазақстан облысы