Пандемия кезіндегі саяси науқанда санитарлық талаптардың қатаң сақталуы да бақылауда болды. Маскалық режімнің және әлеуметтік қашықтықтың сақталуы қадағаланды.
Сайлау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз дауыс беруге барлық жағдай жасалғаны байқалды. Оларды тасымалдауға арнайы автокөліктер бөлініп, ауыр халдегі науқастар үшін үйден дауыс беру шаралары жүйелі ұйымдастырылды.
Өңірде әрбір дауыс беруші өз сайлау учаскесін анықтау үшін Call-орталықтары және «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисі мен «Sailau2021.gov.kz» порталы үздіксіз жұмыс істеп тұрды.
Бір сөзбен айтқанда, сайлаушылар ертеңгі игілік үшін таңдау жасаған саяси науқан Сыр бойында жоғары деңгейде өтті.
Қызылорда облысы