Қазақстан • 11 Қаңтар, 2021

Түркияның СІМ сайлауға қатысты пікір білдірді

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның сыртқы істер министрлігі Қазақстанда өткен сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркияның СІМ сайлауға қатысты пікір білдірді

2021 жылғы 11 қаңтар 08:54
Түркияның сыртқы істер министрлігі Қазақстанда өткен сайлауға қатысты пікір білдірді.

Түркияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы Парламент және мәслихат депутаттарын сайлау науқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз бүгінгі парламенттің төменгі палатасы (Мәжіліс) мен жергілікті атқарушы органдарды (мәслихат) сайлау бейбіт және тыныш өткеніне қуаныштымыз. Анкаралықтар сайлау нәтижесі бауырлас қазақ халқы үшін нәтижелі болғанын тілейді», делінген Түркияның сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Түркия өкілдігі «Биыл тәуелсіздік алғанына 30 жыл толған Қазақстан мен Түркияның стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да дами береді» деген сенім білдірді.

Еске салсақ, кеше Қазақстанда Конституциялық мерзімге сай өткен Парламент Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауы өтті.

Мәжіліс сайлауында елімізде тіркелген 5 саяси партия, атап айтқанда, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» депутаттық мандаттан үмітті. Бұл партиялар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға да кандидаттарын ұсынған.

Мәжіліске 5 партиядан барлығы 312 кандидат, оның ішінде: «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 19; «Nur Otan» партиясынан 126; «ADAL» саяси партиясынан 16; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан 38 және «Қазақстанның Халық партиясынан» 113 адам бар.

Сайлаудың алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды.