Қоғам • 11 Қаңтар, 2021

Нұр-Сұлтанда сайлау күні 69 сәби дүниеге келді

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік бөлімдерінің мәліметіне сәйкес кеше елордада 69 нәресте дүниеге келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда сайлау күні 69 сәби дүниеге келді

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардақтың айтуынша, кеше елордада 69 сәби дүниеге келген. Оның 34-і қыз бала, 35-і ер бала.

Еске сала кетейік, кеше елімізде Парламент Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға сайлау өтті.