«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша жергілікті сағат 09.45-тен бастап көктайғаққа байланысты барлық бағыттағы республикалық маңызы бар жолдар жабылды.
Облыстық ТЖ департаменті республикалық жолдарда тек қоғамдық көліктер мен таксилердің жүруіне рұқсат беріліп жатқанын жеткізді.
Қазіргі кезде Орал қаласында да қатты көктайғақ.