Елорда • 11 Қаңтар, 2021

Елордада сайлауға 16 316 тұрғын алғаш рет қатысқан

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше, яғни 10 қаңтарда елордада 2 199 астаналық туған күнін атап өтуде. Оның үстіне бұл күні 31 адам кәмелеттік жасқа толып,   ал  сайлауға 16 316 қала тұрғыны алғаш рет қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада сайлауға 16 316 тұрғын алғаш рет қатысқан

Елорданың жас тұрғыны Бауыржан Ақшабаевтың өмірінде екі маңызды оқиға болып отыи. Бұл күні ол кәмелеттік жасқа толып қана қоймай алғаш рет дауыс беруге қатысты.

«Сайлауға неліктен қатысу керек? Мен үшін оның жауабы өте қарапайым. Әр азамат өз елінің өміріне араласуы керек. Бұл — ерекше сезім. Қазақстан азаматы екендігіме және тарихи сәттерге араласатыныма қуанып әрі мақтанып отырмын», деп Бауыржан өзінің сезімімен бөлісті. Ол туған күні №87 учаскеге барып, өзінің ересек өміріндегі азаматтық алғашқы борышын орындады.

Сондай-ақ Бауыржан құрдастарын өзінен үлгі алуға және болашаққа сеніммен қарауға кеңес берді.

«Әлемді өзгерту үшін өзгерісті алдымен өзіңнен бастау керек. Сайлау — бұл азаматтық жауапкершілікті көрсету және еліміздің тағдырын өзгерту үшін ең қолайлы сәт», деді жас сайлаушы.

Бауыржан Ақшабаевқа алғашқы сайлаудан естелік ретінде Абай Құнанбайұлының кітабы сыйға берілді.