Аймақтар • 11 Қаңтар, 2021

Түркістан облысында бір тәулікте 135 сәби дүниеге келді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында бір тәулікте 135 сәби, яғни 63 ұл, 72 қыз бала
дүниеге келді. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, осылайша рекорд орнатылған, ал жаңа босанған аналар мен нәрестелердің жағдайы жақсы.

Түркістан облысында бір тәулікте 135 сәби дүниеге келді

Сайлау өткен күні өңірде дүниеге келген сәбилерге ең көп қойылған есімдер – Сайлау, Сайлаугүл, Нұрсұлтан, Қасым-Жомарт екен. Осылайша түркістандықтар сәбилерінің дүниеге келген қуанышын Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаумен байланыстыруды ұйғарған.

Айта кетелік, облыстың барлық перзентханаларында үш жүзден астам жүкті және босанған әйелдер сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Жалпы Түркістан облысы бойынша жылына 100 мыңға жуық сәби, ал  бір тәулік ішінде шамамен 50-60 нәресте дүниеге келеді.

 

Түркістан облысы