Сенатор облыстық ауруханада болып, инсульт орталығын, кардиологиялық бөлімдегі ангиографиялық бөлімшені аралады және КВИ-ауруханасында болып, денсаулық сақтау саласындағы жағдаймен танысты. Ол ауданның медициналық мекемелерінің заманауи жабдықтарын бағалады және ауданнан шықпай сапалы медициналық көмек алудыі мүмкіндігін атап өтті.
«Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында заманауи медицинаны дамытуға үлкен көңіл бөлінеді, медициналық жабдықтармен жабдықтауға, медициналық кадрларды даярлауға және мамандарды қайта даярлауға қосымша 20 миллиард теңге бөлінді. Заманауи жабдықтардың болуы және сіздің ауданның денсаулық сақтау саласына тиімді инвестициялар жоғары бағаға лайық», деді Дүйсенғазы Мусин.
Кездесу барысында дәрігерлер медициналық кадрлардың, оның ішінде реаниматологтардың жетіспеушілігі туралы айтты. Сенатор бұл мәселені жүйелі түрде шешу қажеттігін атап өтті және осы бағыттағы жұмыстарды республикалық деңгейде жалғастыруға уәде берді.