Аймақтар • 11 Қаңтар, 2021

Қызылордада алаяқ әйел сотталды

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына  31 жастағы  қала тұрғыны арызданып, өткен жылдың шілде айында екі әйелдің облыс орталығынан 1 бөлмелі пәтер алып беремін деп 2 270 000 теңге ақшасын алдап алғанын хабарлапты.     

Қызылордада алаяқ әйел сотталды

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 1967 және 1977 жылы туған екі әйел анықталды. Тұрақты жұмысы жоқ олар Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жеткізіліп,  кінәсін толық мойындады. 

Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез құлық түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Сотқа дейінгі тергеп - тексеру нәтижесімен қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер толық жинақталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 300-бабының (Айыптау актісін және қылмыстық істі прокурорға жіберу)  талабына сәйкес адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жасаған алаяқтық дерегімен сотқа жолданған.

Қызылорда қалалық сотының осы жылғы 3 қаңтардағы үкімімен айыпталушылардың біріне қатысты 1 жылға бас бостандығынан айыру түрінде шешім шығарылды. Екінші күдікті әйелдің ісі сотта қаралуда.