Аймақтар • 11 Қаңтар, 2021

ШҚО: Сайлау комиссиясының мүшелері карантинге жіберілді

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында сайлау комиссияcының мүшелері карантинге жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz

ШҚО: Сайлау комиссиясының мүшелері карантинге жіберілді

Облыстың бас санитар дәрігері Хамит Илюбаев қаулыға қол қойды, онда сайлау комиссияларының мүшелері 72 сағат мерзімге карантинге жіберілетіні, содан кейін олардың міндетті түрде ПТР-тестілеуден өтуі керегі айтылады.

«Оң нәтиже болған жағдайда жұмыстан шеттетілуі мүмкін; COVID-19 коронавирус инфекциясын жоққа шығармайтын белгілер болған кезде - емделеді; теріс нәтиже болған кезде өз лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады», делінген қаулыда.