«Мырзалар, тынышталыңыздар. Бұған дейін де менің зейнетке шыққанымды қалағандар болды. Мен бұл туралы фейсбукте де мәлімдедім. Болды, рақмет. Мен кетемін», деді шенеунік.
Осы орайда депутат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинге алғысын білдіріп те үлгерді.
«Ең бастысы - мен бұл жерде жақсы тәжірибе алдым. Бұған дейін де заң шығару процесінде болдым, бірақ бұл жерде, әрине, барлығына қажетті теңдессіз тәжірибе алдым. Мұның маған көп жағдайда пайдасы тиеді», деді ол.