Аймақтар • 11 Қаңтар, 2021

Солтүстік Қазақстанда эпидемиялық ахуал күрделеніп жатыр

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 13 ауданның 8-інде коронавирус инфекциясы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Солтүстік Қазақстанда эпидемиялық ахуал күрделеніп жатыр

СҚО санитариялық-эпидемиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 52 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 24 адамда ғана ауру белгілері болған.

Петропавл қаласы ауырғандар бойынша алда келеді. 10 қаңтарда 18 адамнан анықталған. Бұдан басқа тағы 8 ауданда КВИ жұқтырғандар тіркелді.

Ресеймен шекаралас М.Жұмабаев ауданында – 9, Есіл ауданында – 7, Айыртау ауданында – 6 және Ғ.Мүсірепов ауданында 5 адам. Тайынша, Шал ақын, Мамлют, Қызылжар аудандарында 1-2 сырқаттан.

Өткен тәулікте 1006 адам ПТР тест тапсырған. Жалпы пандемия басталғалы СҚО-да 225 370 адам осы әдіспен тексерілді. Олардың тек 4 %-ының ғана көрсеткіштері оң болған.

Жалпы өңірде ауырғандар саны 9185-ке жетті.