Экономика • 11 Қаңтар, 2021

Металлургия саласындағы өндіріс жағдайы қалай?

576 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінде оң үрдіс сақталды. Саланың барлық секторларында өсім байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Металлургия саласындағы өндіріс жағдайы қалай?

Мысалы, түсті металлургияда өндіріс көлемі 2,8% - ға өсті. Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші "Қазақмыс корпорациясы" тазартылған мыс өндіру көлемін 5% - ға, құйма алтынды 35% - ға, сондай-ақ түйіршікті күмісті 17% - ға ұлғайтты.

Сонымен қатар, "Қазақстан электролиз зауыты" бастапқы алюминий өндірісінің көлемін ұлғайтты. "Тау-Кен Алтын" кәсіпорны да оң көрсеткіштерге қол жеткізді. Өндіріс ошағы тазартылған алтын өндіру көлемін 4% - ға, күміс өндіру көлемін 46,7% - ға ұлғайтты. Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорын өз өнімдерінің жоғары сапасын тағы бір мәрте дәлелдеп, сенімді жеткізуші ретінде әлемдік мойындауға ие болды. Тазалығы 99,99% - дан кем емес алтын өндіретін аффинаж зауыты Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығының "GoodDelivery" сертификатын алды. Осы сертификаты бар бағалы металдар шектеусіз барлық әлемдік биржаларда саудаға қабылданады.

12 айдың қорытындысы бойынша қара металлургияда өсім 4,1% - ды құрады. Қостанайдағы "Евраз Каспиан Сталь" зауыты арматуралық жайма өндірісінің көлемін 7% - ға ұлғайтты. Арматуралық жайма мемлекеттік стандарттарға сәйкес шығарылады. Өнімнің сапасы зауыттың сынақ зертханасында жаңа технологиялық жабдықтармен және бақылаумен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, "Тараз металлургия зауыты" ферросиликомарганец өндірісінің көлемін 27% - ға, "Кастинг" ЖШС арматураларды, шарларды және домалақ шыбықтарды тауарлық шығаруды 4,2% - ға ұлғайтты.