Жылу маусымында қызмет көрсетуге жұмылдырылған коммуналдық қызметтер (АлТС, КБАЭ, АлЭС, Алматы су, АЖК және ҚазТрансГаз-Аймақ) жоғары дайындық режімінде.
Алматы қаласының оңтүстік бөлігінің тұрғындарын электрмен үздіксіз қамтамасыз ету және әл-Фараби - Жароков - Тимирязев - Розыбакиев шаршысындағы жаңа тұрғын үй кешендерінде қарқынды құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін «Каскад» ҚС 110/35/10-6кВ және «Алмагүл» ҚС 110 кВ жаңа қосалқы стансаларының құрылысы басталды.
Қазандықтың қуатын арттыру үшін және Алматының оңтүстік ауданында жылу энергиясының тапшылығын жою мақсатында сондай-ақ жылу беру маусымы кезеңінде тұтынушыларды жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін «Оңтүстік» аудандық қазандығы қуатын 55 Гкал-ға ұлғайта отырып, қайта жаңғырту көзделген.
Жыл сайын барлық жұмыстар Алматы қаласының тұрғындарын инфрақұрылыммен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
"Бірінші кезектегі мақсат – бұл тұрғындардың жайлы өмір сүру жағдайын жақсарту, коммуналдық қызметтердің қолжетімділігі және нақты тұтынған энергиясы үшін төлем жүргізу", дейді мамандар.