Экономика • 11 Қаңтар, 2021

Доллар қымбаттап жатыр

1383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллар бағасы айтарлықтай қымбаттап жатыр. Ұлттық банк 12 қаңтардағы доллар  ресми бағамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Доллар қымбаттап жатыр

Доллардың ресми бағамы сейсенбіде 419,13 теңгеге тең болады. Айта кетейік, 9-11 қаңтарда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 418,96 болған. 

KASE биржасындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 419,18 теңгеге жетіп, бір күнде 0,20 теңгеге қымбаттап кеткен.

Ал Kurs.kz деректері бойынша қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық доллар орташа есеппен 421,00 теңгеге сатылып жатыр, ал сатып алу бағасы – 419,51 теңге.

Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында доллар 420,67 теңгеден сатылып, 419,52 теңгеге сатып алынып жатыр.