Өткен ғасыр басында қазақты ел болдырудың қамына кіріскен алашшыл азаматтар қолдарынан келген істің бәрін атқарды. Айталық, 1917 жылдың аяғында Орынборда өткен жалпықазақ сиезінен кейін Алашорда үкіметі негізгі іс-қимыл атқару орталығы ретінде Семейді таңдаса, күнбатыс алашордашылар 1918 жылдың ақпан айында Жымпиты уезіне қарасты Қаратөбе кентінде кезекті жиын ашып, батыс өңірде атқарылуы тиіс істерді талқылады. Бұл жиын тарихқа «Қаратөбе сиезі» деген атпен қатталды.

Суретті түсірген Рафхат Халелов
Осылай тарихта аты қалған Қаратөбе кенті – облыс орталығы Орал қаласынан 260 шақырым қашықта орналасқан көне қоныс. Әрі бағзыдан бері атам қазақ ірге көміп, тамыр жайған құтты мекені.
«Қаратөбе сиезі ХХ ғасырдың басында Орал қазақтарының үшінші басқосуы болатын», деп жазады алаштанушы апамыз Дәметкен Сүлейменова. Яки, алғашқы сиез 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында өтсе, екіншісі сиез осы жылдың маусым айының басында Ойылда өткен екен.
Бұл реткі үшінші сиезді шалғайда жатқан Қаратөбеде өткізуге басты себеп, осы тұста Орал орыс-казактары қаладағы мемлекеттік банк пен азық-түлік қоймасын, ауруханаларға дейін түгел қарулы күшпен басып алса, Орынбор-Ташкент теміржолы большевиктердің бақылауына өтіп кетті. Осы алағай-бұлағайда Семейдегі орталықтан қол үзіп қалған күнбатыс алашордашылары кезекті жиынды қауіпсіз орта қалың қазақ ішінде ұйымдастыруды қолай көрген сыңайлы.
Өңір тумасы жас зерттеуші Ертай Бимұхановтың дерегіне сүйенсек, тарихи жиынды ұйымдастырушылар: Жаһанша Досмұхамедов (заңгер), Халел Досмұхамедов (дәрігер), Аспандияр Кенжин (мұғалім), Есенғали Қосболатов (дәрігер), Х.Мерғалиев, Сәлімгерей Қаратілеуов (агроном), Молдағали Жолдыбаев (мұғалім), Иса Қашқынбаев (дәрігер), Нұрғали Ипағанбетов (дәрігер), Қуанай Қосдәулетов қазіреті, болыс Салық Омаров, Төлеген Иманғазиев (мұғалім), Қуанышәлі Тінәшұлы, Есқали Балтаұлы т.б. тұлғалар екенін айтады.
Сондай-ақ аталмыш тақырыпты ұзақ жыл зерттеген, байырғы журналист, өлкетанушы марқұм Қайыржан Хасанов ағамыз жазып қалдырған мәліметке жүгінсек, сиезге қара қазақтың қамы үшін қайғы жеген арыстар, нақтырақ айтқанда елге танымал беделді, билігі жүріп тұрған атқамінерлер мен дін иелері, бұқара сыйлайтын ақсақалдар шақырылған еді дейді. Қонақтарды күтіп алу, оларды ас-сумен қамдау жайын Жымпиты уезіне қарасты Сабынкөл болысы Макар Төкешов пен жергілікті пошта бастығы Сәттіғали Құтқожин бастаған атқамінерлер атқарып шыққан екен. Атақты батыр Сырым Датұлының шөбересі Салық Омарұлы жиынға қатысушылардың барыс-келіс, жүріс-тұрысына арнап 200 бас жылқы берген көрінеді. Жиынды өткізуге орталықтан шалғайлау шеткері биіктеу дөңнің үстінде орналасқан, Шәріп деген кісі салдырған мешіт үйі таңдап алынған екен.
Бұл басқосу жайлы жазушы Сәкен Сейфуллин 1927 жылы жарық көрген «Тар жол, тайғақ кешу» романының алғашқы басылымында: «Қаратөбеде болған сиезге Орал облысының бар оқыған қазақтары жиналды. Бастықтары – екі Досмұхамбетұлы. Сиез мешітте өтті. Мешіт лық толған адам. Үй іші әбден булықты. Есік берік. Сиезге кіре алмаған жай бұқара халық анталап мешітті қоршап алған. Ашық терезелерден бастарын сұғып, талас сөздерді тыңдады. Қаралатын мәселелердің зоры: әскер жасау, үкімет құру, үкіметке қаражат ақша жинау. Әскер жасауға, үкімет құруға қарсы сөз болған жоқ...» деген мәліметті келтіреді.
Орайы келгенде атап өтейік, жиын өткен мешіт мұнарасы 1919 жылдары Кеңес өкіметі орнағаннан кейін құлатылып, ғимараттың үлкен бөлігі клуб, шағын бөлмелері кітапханаға айналған. Ал қасындағы медресе үйіне комсомол ячейкасы орналасыпты. Соғыс жылдары мешіт үйі аудандық әскери комиссариатқа лайықталып, кішірейтіліпті. 1962 жылы жеке адамдарға тұрғын үй ретінде меншікке берілген. Осы бір тарихи нысанның фото-сұлбасын өлкетанушы Қайыржан Хасанов ағамыз сақтап қалып, бүгінге жеткізген.
Содан 2013 жылы қараша айында қаламгер Қ.Хасановтың атсалысуымен «Қаратөбе сиезі» өткен орынға биіктігі 2,5 метр гранит тастан ескерткіш тақта орнатылып, оның қасбетіне: «Ұлт теңдігін жалау етіп, қазақ халқының жарқын болашағы үшін тәуелсіз ел болу жолында жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің рухына арналады» деген мәнде сөздер бәдізделген.
* * *
Қараңыз... арада тура бір ғасыр өткенде Қаратөбеде өткен тарих қайта жаңғырды. Нақты айтсақ, өткен жылдың соңғы аптасында кіндік қаны осы ауылда тамған Ержан және Нұржан Хасанов атты ағайынды азаматтар ғасыр бұрын сиез өткен ескі мешіттің орнына «Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейі» атты керемет нысан тұрғызды.
Игі іске ұйытқы болған тумаластар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап өтілгендей, «Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында атқарылған шаруа дегенді айтады. Расында, «Сен жанбасаң лапылдап, Мен жанбасам лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ» деп түрік ақыны Назым Хикмет айтқандай, ағайындылардың бұл ісін аудан әкімі Жанат Асантаев бастаған ел-жұрт зор ықыласпен қабыл алды.
Маңызды шараның тұсаукесер рәсіміне шақырылған қадірлі қонақтар қатарында марқұм қаламгердің жары Ырысты Кәкімқызы, алаштанушы Дәметкен Сүлейменова, Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің директоры Марғұлан Оспанов, ыбырайтанушы Роза Қуанова, ауданның Құрметті азаматы Тілекқабыл Сағынұлы, ақын Шолпан Қыдырниязова, Абай Шыныбекұлы, танымал журналист-фотограф Рафхат Халелов, облыстық өлкетану музейі директорының орынбасары Ажар Берікқалиева және осы жолдардың авторы біз де болдық.
Жаңадан бой көтерген музейдің көлемі – 500 шаршы метр. Төрт үлкен залдан тұрады. Олар: ат шаптырым көрме залы, Алаш залы, өлкентанушы Қайыржан Хасанов залы және Т.Иманғазиев атындағы мәжіліс залы. Ал кіреберістегі постамент үстінде алты балдақты қазақы оюмен көмкерілген шаңырақ орналасыпты. «Бұл халқымыздың бірлігі «Алты Алаш» ұғымының символикасы», дейді Ержан Қайыржанұлы. Айтса айтқандай, нысанның көгілдір логотипі көк Ту түстес болса, экспозициядан орын алған жәдігерлер заманауи үрдісте цифрлы форматпен интерактивті ақпараттық терминал – әмбебап-трансформер арқылы жасалғаны таңғалдырды. Мұндай көрме залдары, жылжымалы электронды музей өңірлерде жоқ деуге болады.
Әсіресе, музей экспонатындағы «Қаратөбе сиезі» өткен мешіттің макеті ерекше. Шап-шағын мешіт-үйдің терезесінен үңілсеңіз бір ғасыр бұрын өткен жиынның куәсі боласыз. Яғни тарихи құжаттарға негіздей отырып сиез барысы жайлы оқиғаны 3D көзілдірігімен дәл сол кезде, сол жерде тұрғандай тамашалайсыз.
Ал Хасанов залында қаламгердің жеке кабинеті һәм тұтынған заттарының сыртында, өлкетанушылық зерттеулері, сонымен қатар Қаратөбенің киелі жерлерінің интерактивті AR картасы орналасыпты (суретте). Бұл инновациялық картаға қолдағы ұялы телефонды жақындатсаңыз қаламгер туындыларымен танысып қана қоймай, ауданның қасиеті нысандары: Мұхит Мералыұлы зираты, Дәуқара батыр қорымы, Қаратау би кесенесі,Ұзақ күйші кесенесі жайлы ақпарға қанығасыз.
Пандемия салдарынан Өзбекстанда қалып қойған шетелдік әйелдің оқиғасы
Әлем • Бүгін, 01:15
Қарағанды облысында 39 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанның бес ауданында карантин күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Алматыдан 376 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғындарының 20 пайызына коронавирус вакцинасы салынады
Аймақтар • Кеше
«Шахтер» командасына бас бапкер тағайындалды
Футбол • Кеше
Алматының «Қайратына» неміс шабуылшысы келді
Футбол • Кеше
Карантин кезінде мұғалімдерден пара алып жүрген директор қамалды
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Цифрлық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
35 жастағы вице-министр қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
Президент Ахметжан Есімовке бірқатар нақты тапсырма берді
Президент • Кеше
Қостанайдағы қоныс колониясынан қашқандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қазығұрттық полицейлер жоғалған 4 жасар баланы тапты
Аймақтар • Кеше
Биыл оқушылар ҰБТ-ны қалай тапсырады?
Білім • Кеше
Бюджет қызметкерлерінің еңбекақысы өседі
Үкімет • Кеше
Оңдасын Оразалин: Covid-19 қаупі әлі сейілген жоқ
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады
Президент • Кеше
Құс тұмауынан зардап шеккендерге өтемақы толық көлемде төленді – АШМ
Қазақстан • Кеше
Вакцинация коронавирустан түбегейлі құтқара ма?
Коронавирус • Кеше
Еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
«Тобыл» алты футболшымен қоштасты
Футбол • Кеше
Мемлекет басшысы Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
Президент • Кеше
Ауғанстан азаматы Алматыда 11 жыл бойы заңсыз тұрған
Қоғам • Кеше
Депутаттар неге тәртіпке бағынбаған?
Аймақтар • Кеше
Жоғарғы жылдамдықты интернетке қол жетпей тұр
Білім • Кеше
«Барыс» - «Йокерит» ойыны тікелей эфирде көрсетіледі
Хоккей • Кеше
Қызылордадағы дария деңгейі тұрақты бақылауда
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 72 жұмысшы коронавирус жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Дмитрий Медведев Назарбаевты құттықтады
Елбасы • Кеше
Шығыс Қазақстанда оқушылар қалай оқып жатыр?
Білім • Кеше
Елімізде қандай пойыз билеттері қымбаттайды?
Қазақстан • Кеше
Аида Балаева Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
Руханият • Кеше
Қостанай облысында 23 тонна жанармай тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Киім өндірісінде импорттың үлесі артқан
Экономика • Кеше
Төлебиде жаңа спорт кешені бой көтереді
Аймақтар • Кеше
Өткен тәулікте шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Кеше
Павлодарда ер адамды пойыз қағып кетті
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда 109,2 млн тонна көмір өндірілді
Экономика • Кеше
Атырауда 648 отбасы жаңа баспанаға көшеді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда қала іргесіндегі ауылдарды тонаған ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар