Қоғам • 12 Қаңтар, 2021

Жайық өңірінде NEET жастар аз

175 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында 2020 жылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл жөнінде облыстық жастар сая­саты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрхат Ораш хабарлады.

Жайық өңірінде NEET жастар аз

Батыс Қазақстан облысы тұрғында­ры­ның 20 пайызын жастар құрайды. Яғни өңір­­де 14 пен 29 жас аралығында 128 527 жас бар.

Жастардың жұмыспен қамтылуы, пайдалы іске тартылуы – әрдайым басты назарда. Мәселен, биыл облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 46 жобаны іске асыруға 185 млн теңге бөлінді. Өңірде еш жерде оқымайтын, жұмыс істемейтін, яғни NEET жастарының үлесі 2020 жылдың ІІІ тоқсанында небәрі 2,8% болған екен. Бұл республика бойынша ең төменгі көрсеткіш.

Былтыр елімізде жарияланған Во­лонтер жылында батысқазақстандық жас­­тар да белсенді болды. Облыста 10 мың­­нан астам волонтер бас қосқан 60-қа жуық ұйым бар. Бұл ұйымдардың қызметі volunteer07.kz ақпараттық сайты аясында үйлестірілген.

– Волонтерлердің күшімен былтыр облыс бойынша барлығы 19 412 отбасына азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да түрде көмек көрсетілді. Оның ішінде 12 694 отбасы тегін азық-түлікпен, 478 отбасы дәрі-дәрмекпен қамтылды, 1 047 отбасының үй шаруасына көмектестік. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында волонтерлер құқық қорғау органдарымен бірге 1 206 мәрте рейдке шықты. Еріктілердің күшімен 80 мың бет­перде қолдан тігіліп, барлығы 350 мың бетперде халыққа тегін таратылды, – дейді Нұрхат Ораш.

Сондай-ақ «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша биыл 1 175 сарбаз, студенттік құрылыс жасақтары құрамында 371 жас маусымдық жұмыспен қамтылған. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында батысқазақстандық 6 207 жас жұмысқа орналасқан екен. Бұ­ған қоса 98 жас жеке кәсіпкерлікпен шұ­ғыл­дануға бет бұрып, несие алса, 517 жас жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қай­тарымсыз негізде грантқа ие болған.

Биыл «Дипломмен – ауылға!» бағдар­ламасы бойынша 818 маман ауылдық жерге жұмысқа тартылып, 224,4 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алған екен. Соның ішінде 555 маманға 2,154 млрд теңге көлемінде баспана несиесі берілген.

 

Батыс Қазақстан облысы