Екі жылдан бері елімізде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны жұмыс істеп келеді.

Республиканың барлық облысында филиалдары бар құрылымның негізгі міндеті – автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау, жол активтерін басқару. Филиалдар зертханалары жол-құрылыс материалдарының сапасын тексеруге арналған заманауи құрал-жабдықтармен және нормативті техникалық құжаттармен қамтамасыз етілген. Орталық республикалық маңызы бар жолдарды ғана емес, сонымен қатар жергілікті маңызы бар жолдар, көпір құрылыстары мен көшелерді салу және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдарға сараптама жүргізеді.
Жуырда орталықтың Қызылорда облыстық филиалы басшысы Ерболат Көштаев пен зертхана меңгерушісі Ержан Усманов БАҚ өкілдеріне өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, негізгі мәселелерге тоқталды.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалы былтыр облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен, қаламен және жеті ауданмен 21 келісімшарт жасаған. Соның негізінде тапсырыс берушілермен бірлесе отырып салынып жатқан жолдар сапасына бақылау жүргізіпті.
– Былтыр республикалық маңызы бар жолдарды ішінара тексеру барысында 77 сынама алынып, 7 жол құрылыс материалы нормативтік құжаттар талаптарына сай болмай шықты. Аспаптық тексеру барысында тағы 10 кемшілік анықталды. Қазір олар толық жөнделді, – деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының директоры Ерболат Көштаев.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердегі, қала көшелеріндегі жүргізілген жұмыстарға және қолданылатын материалдар сапасына жүргізілген сараптама да көп олқылықты анықтаған. Ішінара тексеру барысында 1 205 сынама алынып, зертханада жүргізілген сынақ нәтижесінде оның 614-і талапқа сай еместігі анық болған. Аспаптық тексеру барысында да жүзден астам кемшілік байқалды. Ең қызығы, тапсырыс берушілер мен мердігерлерге 71 хат жолданса да, анықталған ақаулар әлі толық орнына келген жоқ. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК филиалының зертхана меңгерушісі Ержан Усманов ескертуді елемейтіндердің бірі Арал мен Қазалы аудандарын жалғастыратын «Жаңақұрылыс – Бекарыстан би» бағытындағы жолды салып жатқан мердігер екенін атап өтті. Былтыр осы жолға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мамандарымен бірлесіп тексеру жүргізілген. Сонда алынған 26 сынаманың он алтысы күре жол құрылысында көп кемшілік барын көрсеткен еді. Бірақ мердігер тарапынан әлі күнге сол олқылықтардың жөнге келгені жайлы хабар жоқ.
Салынып жатқан жолдарға қатысты ортақ кемшілік – қалыңдығының қалыптағыдан кемдігі, енінің тарлығы мен тығыздау коэффицентінің ойдағыдай орындалмауы. Осыдан келіп жаңа жол ай айналмай жатып ойдым-ойдым болып шыға келеді.
Е.Көштаев бүгінде жол салуға қыруар қаржы бөлініп, мүмкіндігі мен мамандары бар компания да, он екіде бір сайманы жоқ серіктестіктер де құрылысқа құмбыл кірісіп кеткендігін айтады. Құрылыс нормалары ережесіне сәйкес асфальт төсеу күздің салқыны сезілгеннен бастап тоқтауы керек. Бірақ ақшаға құныққандар оған да қарап жатқан жоқ.
Жол құрылысы сапасын тапсырыс берушінің тендерін ұтып алған техникалық қадағалаушы жіті бақылап, күнделікті жұмыстың басында болып, кеткен кемшіліктерді уақытында ескертуі тиіс. Бірақ қазір бұған да назар аударып отырғандар аз. Осының кесірінен жолдың сапаға сай еместігі көбіне салынып біткеннен кейін ғана белгілі болады. Осыдан да мамандар техникалық қадағалаушылар жауапкершілігін көтеру қажеттігін айтып отыр.
ҚЫЗЫЛОРДА
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Спорт • Бүгін, 13:28
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды
Спорт • Бүгін, 12:24
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Министрлік қызанақтардан вирус табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 10:12
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:12
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Кеше
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Кеше
Парламент • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзекті мәселелердің шешімі табылатын болады
Парламент • Кеше
Алматы мәслихаты шешуге тиісті ең өзекті мәселе қандай?
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар