Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының басшысы, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева мен Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, Қазақстан кәсіподақтары федерациясы байқаушылары республикалық штабының төрағасы Нұрлан Өтешев
Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау кезіндегі жұмыстардың қорытындысы туралы баяндады.

Сайлауды бейпартиялық байқау орталығы тұңғыш рет қоғамдық институт болып құрылып, 10 қаңтарда сайлау барысын бақылайтын ахуалдық орталық ретінде қызмет еткен болатын. Осы орталықтың платформасында Қазақстанның Азаматтық альянсы, Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы және орталықтың серіктестері саналатын 130-дан астам үкіметтік емес ұйымдар өз ресурстарын біріктіріп, жұмыс істеді. Б.Нұрғазиеваның айтуынша, байқаушылар бұл сайлауда өздерінің кәсіби шеберліктері мен жауапкершіліктерін, құзыреттерін таныта алыпты.
– Ең бастысы, байқаушыларымыз сайлау заңнамасын жақсы біледі. Олар сайлау учаскелеріне алдын ала келіп, өз орындарынан табылды. Тіпті әлеуметтік желілерде байқаушыларымыз сайлау учаскелеріне таңғы сағат 6.00-де келгендері туралы айтылып жатыр. Құжаттарын ұсынып, еш қиындықсыз тіркеуден өтті. Сондай-ақ Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау кезінде эпидемиялық жағдайға қарамастан, сайлаушылардың да көптеп келгенін алға тарта аламыз. Бұл Қазақстандағы қоғамның демократиялық сана-сезімінің жоғары деңгейін аңғартады. Отандастарымыз мемлекеттің болашағы кез келген сайлаумен, соның ішінде Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлаумен тығыз байланысты екенін жақсы түсінеді, – дейді Б.Нұрғазиева.
Орталық басшысының айтуынша, сайлаушылар да, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері де, байқаушылар да еліміздегі осынау маңызды науқан кезінде жауапкершілікті сезіне біліпті. Соның нәтижесі ретінде, осы орталықтың байқау қорытындысы сайлау барысында қандай да бір ірі заң бұзушылық фактілері орын алмағанын айғақтап отыр. Сайлау процесі кезінде ашықтық пен әділдік басты мақсатқа айналды.
– Әрине, кейбір бұзушылықтардың болғанын жасырмаймыз. Әлемнің қай мемлекетінде болсын сайлау кезінде ұсақ-түйек бұзушылықтар болып жатады. Ондай бұзушылықтардың көбісі техникалық сипатқа ие. Жалпы алғанда, бейпартиялық байқау орталығы 11 бұзушылықты тіркеді. Мұндай олқылықтар Петропавл, Тараз, Ақтөбе, Орал, Алматы, Қостанай, Шымкент, Жаңаөзен қалаларында, Шығыс Қазақстан облысында орын алды. Алайда өрескел заңбұзушылықтар болған жоқ. Сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығына кедергі келмеді, – дейді Б.Нұрғазиева.
Барлық штаб жедел әрі жылдам жұмыс істеп, соның нәтижесінде байқау қызметі қиынға соқпаған сыңайлы. Жүйелі жұмыс пен байқаушылардың байыптылығының арқасында сайлау процесі қалыпты жағдайда өтті.
– Барлық мәлімет бізге жедел жетіп тұрды. Әсіресе Алматы қаласындағы штабтың жұмысын айрықша атап өткім келеді. Олар ұйымдастырған жедел желінің нәтижесінде 200-ден астам өтінім қаралды. Бұл да азаматтық қоғамның мықты әрі жауапты бола бастағандығының бір көрінісі, – дейді Б.Нұрғазиева.
Сайлау кезінде әлеуметтік желілерде жүздеген жалған ақпарат тарады. Мәселен, біздің елімізде болмаған, өзге мемлекеттерде орын алған жағымсыз оқиғалардың бейнежазбалары тарады. Құдды сайлау күні болғандай етіп ұсынылып жатты басым көпшілігі.
– Бұл мәселелер де біздің назарымыздан тыс қалған жоқ. Ондай фейк ақпараттарды адамдар қасақана тарата ма, жоқ әлде білместіктен сондай қадамға бара ма деген мәселені күні бүгінге дейін талқылап жатырмыз. Ондай азаматтардың көпшілігі өзінің құқығы мен міндеттерін білмегендіктен, оғаш әрекетке барғандары да белгілі болып жатыр. Мұндай бейнежазбалардың тарап жатқанын байқаушыларға да ескерттік, – дейді Н.Өтешев.
Оның айтуынша, сайлау заң шеңберінде өтіп отыр. Сайлау кезінде отандастарымыз құқықтық мәдениеті жоғары екенін танытты. Сайлау комиссиясы да, байқаушылар да, сайлаушылар да өз жұмыстарына аса жауапкершілікпен қарады.
– Бұл ретте, Қазақстан кәсіподақтары федерациясының тарапынан сайлау барысына атсалысқан байқаушыларымызға алғыс айтқым келеді. Расымен де, ауқымды жұмыс атқарылды. Еселі еңбек етіп, сайлау процесіне үлкен үлес қосқан азаматтарға алғысым шексіз, – дейді Н.Өтешев.
Мақтааралдық диқандар егістік жұмыстарын қаңтарда бастады
Аймақтар • Бүгін, 21:50
Түркістан облысында 7 жаңа медициналық нысан салынуда
Аймақтар • Бүгін, 21:10
Алматыда коронавирустық жағдай күрделене түсті
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтың көмегі
Қоғам • Бүгін, 20:55
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы 5 ақпанда Алматыда өтеді
Әлем • Бүгін, 20:31
Теңгеге әсер ететін факторлар нақтыланды
Қаржы • Бүгін, 20:00
4 080 педагог біліктілік тестілеуден өтеді
Аймақтар • Бүгін, 19:31
Сыбайлас жемқорлық жасаған 15 басшы жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 18:57
Шымкентте ТОП-10 инвестициялық жобалар іске асады
Аймақтар • Бүгін, 18:36
Қор биржасы 2020 жылды қортындылады
Қаржы • Бүгін, 18:31
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды?
Аймақтар • Бүгін, 18:23
Сарапшылар Қазақстанның ЖІӨ 2021 жылы 2,7% өсетінін болжайды
Қаржы • Бүгін, 18:22
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • Бүгін, 18:15
ЕО вакцинация төлқұжатын енгізе ме?
Медицина • Бүгін, 18:14
Елордада заңсыз орнатылған жарнама объектілері анықталды
Елорда • Бүгін, 18:12
ҰБТ кезінде санитарлық-эпидемиялық нормалар қатаң сақталуда
Білім • Бүгін, 18:06
Алтай Көлгінов акселераторлық даму жұмыс тобының қатысушыларымен кездесті
Елорда • Бүгін, 18:00
Қазақстан Әзербайжаннан қызанақтарды алып келуге уақытша тыйым салды
Қазақстан • Бүгін, 17:53
Қоғамдық көліктерде жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады
Елорда • Бүгін, 17:50
Түркістан облысының полицейлері жоғалып кеткен әйелді аман-есен тапты
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Полицейді көлік капотында сүйреген ақмолалық 5 жылға қамалды
Аймақтар • Бүгін, 17:35
Маңғыстауда өткен жылы 18 кәсіпорын индустриялық сертификатқа ие болды
Аймақтар • Бүгін, 17:33
Қар барысының терісі: Туризм академиясының президенті сынға қалды
Қазақстан • Бүгін, 17:30
Шымкентте карантин талаптарын елемеген кәсіпкерлік нысан анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov-та 6 қызмет іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 17:00
Былтыр Қызылордада 2181 азамат «Бастау» жобасын онлайн оқыды
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Нью-Йоркте Қазақстанның ядролық қаруға тыйым салу туралы шарты талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 16:57
Қызылорадада биыл 98 тұрғын үй салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:52
«Қостанайда жарылыс болады» деген ақпаратты полиция тексеріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:49
Елордалық жігіт көпірден секіріп өлмек болған
Елорда • Бүгін, 16:48
Ақтауда 30 жылдан бері алғаш рет төртем дүниеге келді
Қоғам • Бүгін, 16:40
Гүлшара Әбдіқалықова Социалистік Еңбек ерін құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:39
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 16:33
Елордада көпірден секірмек болған жігіт аман қалды
Қоғам • Бүгін, 16:32
Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:15
Жамбыл облысында алғаш рет ауылда мұз айдыны ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Ордабасыда құны 1 млн теңгеден астам күркетауықтарды ұрлап кеткен
Қазақстан • Бүгін, 16:05
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 2,1 трлн теңгеге артты
Қоғам • Бүгін, 15:57
Атырауда ішімдік ішкен 20-ға жуық жасөспірім ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
WhatsApp бөтен адамға ақпарат беретіні рас па?
Технология • Бүгін, 15:36
Денсаулық сақтау министрлігі жанынан «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды
Қоғам • Бүгін, 15:30
20 қаңтар: Жетісайда егін маусымы басталды
Аймақтар • Бүгін, 15:26
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстан • Бүгін, 15:25
Елордада 10 мың дана экодорба таратылады
Экология • Бүгін, 15:23
Үржарлық полицейлер қалың қармен күресті
Видео • Бүгін, 15:18
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заңнамалық түзетулер мақұлданды
Парламент • Бүгін, 15:13
Алматыдағы метро басшысы тағы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 15:08
Жақынына жанашыр болған жетісулықтар
Аймақтар • Бүгін, 15:00
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Аймақтар • Бүгін, 14:58
Кәсіпкерлердің құқын бұзу дерегі кемімей тұр
Қоғам • Бүгін, 14:57
Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылады
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Қызылордада былтыр иттердің көмегімен 192 қылмыс ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Алматыда тұтынушылар мүддесін қорғау үшін 5 мыңдай сертификат қайтып алынды
Аймақтар • Бүгін, 14:31
Қостанай облысында 5 кило есірткі тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:26
Алматының тағы 50 мың тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізеді
Аймақтар • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?
Экономика • Бүгін, 13:33
Руханият • Бүгін, 13:32
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
Руханият • Бүгін, 13:10
Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 12:53
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
Әлем • Бүгін, 12:50
Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі Алматыдағы Nur Otan филиалын басқарады
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Өткен жылы 99 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды
Қоғам • Бүгін, 12:31
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Бүгін, 12:26
Жөтелді арақ буымен емдеуге бола ма?
Қоғам • Бүгін, 12:20
Дубайдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 12:16
Қуат Хамитов интернетке қосыла алмағандықтан сот отырысы кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 12:07
21 қаңтарда Сенаттың кезекті отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 12:06
Ұқсас жаңалықтар