Өңірлерге сапарлары барысында сенаторлар халықпен кездесіп, тұрғындарды толғандырған мәселелерге назар аударуды. Сондай-ақ кездесулер кезінде депутаттар Жолдаудан туындайтын міндеттер мен қабылданған заңдарда қамтылған негізгі басымдықтарды түсіндірді.

Сенат депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Ләззат Сүлеймен Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған «Orda-Сығанақ» шипажайындағы қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде туризм саласына қатысты мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдіктер мен қолдаулар туралы жан-жақты әңгіме қозғалды. Аудандық орталық стадионда спортшылармен және нұсқаушылармен кездесу барысында жақында еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша түзетулер қабылдау туралы заңның негізгі мақсаттары мен міндеттерін толықтай түсіндіріп берді. Депутаттар аудандағы 600 балаға арналып салынып жатқан орта мектептің құрылыс алаңына барып, құрылысшылармен кездесті. Мектеп құрылысы осы жылы аяқталып 1 қыркүйекте қолданысқа берілетіні айтылды. Сенаторлар Шиелі ауданындағы цемент зауытының жұмысшылармен, аудандық көпсалалы аурухана дәрігерлерімен, Шиелі индустриялық-аграрлық колледжінің мұғалімдерімен кездесті. Шиелі ауданының қарттарымен кездесуде «Ардагерлер туралы» заңның мүмкіндіктері мен міндеттері туралы айтылды.
* * *
Сенаторлар Бақтыбай Шелпеков пен Сүйіндік Алдашев Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында газ-поршеньді электр стансасының ұжымымен кездесті, жаңадан ашылған жұмыс орындарын көрді және экономиканы әртараптандыру, индустрияландыру және отандық тауарларды сыртқы нарыққа шығару мәселелерімен танысты. Жаңаөзен қаласындағы қант зауытының еңбек ұжымымен кездесуде 2020 жылы Қазақстанда қабылданған жаңа заңдар, оларға енгізілген түзетулер мен толықтырулар туралы айтылып, қойылған сұрақтарға жауап берді. «Білім-Инновация» лицей-интернатының ұстаздарымен, «Мұнайшы» мәдениет үйінде қала тұрғындарымен кездесуде педагогтердің қоғамдағы беделінің көтерілуімен қатар, олардың еңбекақысының ұлғаюы, Жаңаөзен қаласының оңтүстігіне таман 70 шақырымда орналасқан «Кендірлі» аймағындағы Тоқмақ жерінде су тұщыту зауыты құрылысын салу жоспары туралы айтылды.
* * *
Сенат депутаттары Әбдәлі Нұралиев пен Бекболат Орынбеков Жамбыл облысындағы жұмыс сапары барысында Тараздағы бірқатар нысанды аралап, қаланың тыныс-тіршілігімен танысты. Сенат депутаттары №4 орта мектептің ескі ғимаратын жаңғырту жұмыстары мен Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияға қосымша ретінде салынып жатқан 300 оқушыға арналған ғимарат құрылысын көрді. Коронавирус қаупі сейілмеген шақта инфекцияның таралуына қарсы және емдеу шараларына дайындықты тексеру де назардан тыс қалмады. Сенаторлар облыстық 200 орынды жұқпалы аурулар ауруханасы және медициналық жабдықтар шығаратын «Әмір және Д» зауытының жұмысымен де танысты. Білім мен денсаулық сақтау саласындағы объектілерді аралағаннан кейін «Таразэнергоорталығындағы» ТЭО-4 қазандықтың жұмысын бақылады.
* * *
Сенатор Владимир Волков Алматы облысының Қарасай ауданында мәслихат және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ прокуратура өкілдерімен кездесті. Сонымен бірге Жібек жолы ауылы маңынан өтетін жолды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Прокуратура өкілдерімен кездесуде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жаңа нормаларын талқылады. Одан бөлек, кәмелет жасына толмағандарға қарсы қылмыстық әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейту шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар және басқа да өзекті мәселелер бойынша сөз қозғады. Сенат депутаты аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдерімен де кездесіп, сапалы жол құрылысы үшін қажетті техникамен және құрылыс материалдарымен жабдықтау мәселесін талқылады.
* * *
Сенат депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Сағындық Лұқпанов Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістік қызметімен, жоспарлы жөндеу нәтижелерімен, «Tazalyq» жобасымен және өзге де бизнес-жобалармен танысты. Депутаттар зауыт жұмысшыларымен кездесіп, олардың әлеуметтік қамтылу мәселелерін тыңдады. Сондай-ақ олар Атырау қаласындағы кәріздік сулардың булану алаңының жұмыстарымен де танысты. Бұған дейін Атырау облысы әкімдігі мен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС арасында Атырау қаласының сол жағалауындағы «Сасықсай» булану алқабын қалпына келтіру жөніндегі меморандумға қол қойылып, нақты жұмыстар мен олардың орындалу мерзімі көрсетілген «Жол картасы» бекітілген болатын. Зауыт 2022 жылдың аяғына дейін 860 гектар жерді қалпына келтіреді.
Сондай-ақ сенаторлар Атырау қаласындағы «Береке» шағын ауданы мен «Талқайраң» елді мекеніндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үй құрылысының алаңында болды. Талқайраң ауылы маңынан бой көтеретін жаңа шағын аудандарда 25 мыңнан аса пәтерлі 430 тұрғын үй салу жоспарланған.
Сенаторлар Исатай ауданына қарасты Қызылүй елді мекеніне газ тарту мәселесімен танысты. Сенат депутаттары жағдайды бұрыннан білетіндерін айтты және елді мекенге газ тарту мүмкіндігін қарастыруға уәде берді. Сондай-ақ сенаторлар Мақат ауданында әлеуметтік нысан құрылыстарымен, Доссор кентінен Мақат ауылына тартылатын кәріз тазарту жүйесінің жұмысын көрді. Ұзындығы 38 км болатын су сору жүйесінің жобаның құны 3 млрд 762 млн теңге болды. Қазіргі кезде жүйенің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптама нәтижесі күтілуде.
* * *
Сенатор Дәурен Әділбеков Ақмола облысының Ақкөл ауданында «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде пайдалануға берілген нысандармен танысты. Олардың бірі – Еңбек ауылындағы күрделі жөндеуден өткізілген «Еңбек» мәдени-спорт кешені. Сонымен қатар сенатор «Еңбек» мектебіне және сүт өнімдері фермасына барды. Кәсіпорын жұмысшыларымен кездесуде ауыл шаруашылығын дамытуға арналған субсидияларды алу тетіктерін жеңілдету, мал жайылымдарына қатысты проблемаларды шешу мәселелері талқыланды.
Депутат Көкшетау қаласында жаңа онкологиялық емхананың жұмысымен танысты. Бұл нысан жергілікті және облыс тұрғындарына емделуге, онкологиялық ауруларды ерте кезден анықтауға және жоғары деңгейде медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.
Депутат Бурабай ауданына да барып, мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған нысандардың жұмысына назар аударды. Щучинск қаласында сенатор туристік нысандардың құрылысымен танысып, жергілікті әкімдік өкілдерімен өңірде туризмді дамытуға кедергі келтіріп отырған мәселелерді талқылады. Сондай-ақ депутат Макинск қаласындағы құс фермасының жұмысшыларымен кездесті.
Интернет-алаяқтық жасаған 97 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:20
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Бүгін, 12:05
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 11:45
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 09:53
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Бүгін, 09:44
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Кеше
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Кеше
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Кеше
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Кеше
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Кеше
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Кеше
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Кеше
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Кеше
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторға байқау жарияланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы жаңарып, бұрынғы хатшысы орнында қалды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық жүргізуші 5 жыл бұрын есептен шығарылған нөмірмен жүрген
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Жедел жәрдемнің қатысуымен болған апат: медициналық қызметкер қайтыс болды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда 33 жыл бойы өзгермей тұрған рекорд жаңарды
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар