Саясат • 12 Қаңтар, 2021

Бұл – партия үшін тәлімі мол тәжірибе

6 рет көрсетілді

Елдегі парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша «Ақ жол» партиясы сайлаушылардың 10,18% дауысын жинап, екінші орынға шықты. Партия өкілдері сайлауда дауыс бергендерге алғыс білдіріп, Қазақстан халқын сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады.

«Ақ жол» партиясының төрағасы саяси ұйымды қолдаған отандастарына алғыс білдіре келе, бұл науқанда үлкен тәжірибе жинағанын баса айтты. Оның айтуынша, биылғы науқан қауіпті індетпен тұспа-тұс келді. Соған қарамастан, сайлау барлық санитарлық талапты сақтай отырып ұйымдастырылды.

«Мен «Ақ жол» партиясына және өзге де саяси партияларға дауыс берген отандастарыма шын жүрек­тен алғыс айтамын. Себебі әрбір азамат­тың дауы­сы өте маңызды. Саяси пар­тия­лары­мыз бен сайлаушыларымыз өте жақсы тәжірибе жинады. Ол тәжі­ри­бе әрі қарай да еліміздің дамуына, демократияландыруына өте пайдалы бо­лады деп ойлаймын. Біздің партияға көрсеткен сенімді ақтауға тырысамыз. Оған еш күмән болмасын және де біз­дің әріптестеріміз – басқа да партия төр­ағаларын, Тұңғыш Президентімізді құт­тықтағым келеді», деді А.Перуашев.

«Ақ жол» партиясынан Мәжіліске 38, мәслихатқа 705 кандидат ұсы­ныл­ған еді. Еxit poll нәтижелерін жария­лағаннан кейін ақжолдықтар бір-бірін құттықтап, сайлаушыларға алғыс айтып, әріптестеріне табыс тіледі.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар