«Біз, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) байқаушылар миссиясы Парламенттік Ассамблея төрағасы Вячеслав Володиннің өкімімен бірнеше күннен бері Қазақстандамыз. Бұл миссияға ҰҚШҰ елдерінің барлығы кіреді. Сайлау күні Нұр-Сұлтандағы 49 сайлау учаскесінде болдық. Бірде-бір заңбұзушылық тіркелген жоқ. Сайлау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Пандемияға байланысты қорғаныш құралдары, бір реттік маскалар мен қолғаптар таратылды. Осынау күрделі уақытта Қазақстан сайлауды қалай ұйымдастырғанын көрдік және өзге елдер де қазақстандық тәжірибені қолданады деп ойлаймын», дейді ол.
Умахановтың айтуынша, ҰҚШҰ байқаушылары Қазақстанның барлық өңірін аралап шыққан. «Біз кеше сайлау учаскелері жабылған соң сайлау комиссиясы мүшелерімен кездесіп, жұмысты қорытындыладық. Біздің өкілдер жүргізген жұмыста бірде-бір заңбұзушылық болмағанын тағы бір қайтара айтқым келеді. Мен өзім Мемлекеттік думаның екі шақырылымында депутат бола жүріп көптеген сайлауда байқаушы болдым. Бірақ Қазақстандағы сайлау секілді жоғары деңгейдегі ұйымдастыру өте сирек кездеседі», деп бағалады халықаралық байқаушы.