Коронавирус • 12 Қаңтар, 2021

Коронавирус жұқтырған 283 адамның жағдайы нашар

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандар бойынша бүгінгі мәліметті ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 283 адамның жағдайы нашар

12 қаңтардағы мәлімет бойынша,  23 403 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 711 пациент стационарда, 17 692 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус жұқтырғандар арасында 283 адамның жағдайы ауыр, 57 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.