Қоғам • 12 Қаңтар, 2021

ОСК төрағасы байқаушылар мен сайлаушыларға алғыс айтты

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Берік Имашев байқаушылар мен сайлаушыларға алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ОСК төрағасы байқаушылар мен сайлаушыларға алғыс айтты

«Міне, бүгін елде соңғы үш айға созылған сайлау науқанын аяқтадық. Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы Президент Жарлығының орындалуын қамтасыз етті. Сайлаудың соңғы қорытындылары шығарылды», дей келе Б. Имашев сайлау ұйымдастырушыларына өз алғысын білдірді. 

«Баршаңызды осы маңызды мемлекеттік және саяси оқиғамен құттықтаймын. Сайлауды ұйымдастырушыларға орындаған жұмысы үшін, халықаралық әрі ұлттық байқаушылардың сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге жәрдемдескені үшін, ал сайлаушылардың белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтамын», деді ол.



Соңғы жаңалықтар