Қазақстан • 12 Қаңтар, 2021

«7-20-25» және «Баспана хит» бағдарламалары бойынша қанша өтінім мақұлданды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы 7-20-25» бағдарламасы бойынша 326,2 млрд теңгеге 27 700 өтінім мақұлданды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«7-20-25» және «Баспана хит» бағдарламалары бойынша қанша өтінім мақұлданды

«Ұлттық банктің қаржыландыруы есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау жалғасуда. «7-20-25» бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 30 желтоқсанда 567,3 млрд теңгеге 48 355 өтінім қабылданды. 326,2 млрд теңгеге 27 700 өтінім мақұлданды. Оның ішінде 258,7 млрд теңгеге 22 169 қарыз берілді», - деді ҰБ төрағасы.

Сонымен қатар ол «Баспана хит» нарықтық ипотекалық бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 30 желтоқсанда 868,6 млрд теңгеге 95 719 өтінім қабылданғанын айтты.

«457,4 млрд теңгеге 50 939 өтінім мақұлданды, 370,1 млрд теңгеге 42 166 қарыз берілді», - деді Ерболат Досаев.