Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму және 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралды. Банк саласының жағдайы туралы Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық Банк басшысының айтуынша, COVID-19-бен сырқаттанушылардың рекордтық санына қарамастан, 2020 жылғы желтоқсанда әлемдік нарықтарда жағымды жаңалықтар басым болды.
«Дамыған және ірі елдерде жаппай вакцинацияның басталуы экономикалық белсенділіктің қалпына келу болжамын жақсартып, нарықтар үшін оң белгі болды. $900 млрд сомасына Америка экономикасын ынталандырудың қосымша топтамасын қабылдау қор және тауар нарықтарына айтарлықтай қолдау көрсетті», — деді Е. Досаев.
Негізгі қор индекстері жылды айтарлықтай өсумен аяқтады. S&P 500 кең индексі 2020 жылғы желтоқсанда 3,7%, Dow Jones индустриялық индексі 3,3%, NASDAQ жоғары технологиялық индексі 5,1% қосты. Осының аясында АҚШ долларының индексі төмендеу үрдісін көрсетті, алтынның құны бір айда бір унция үшін 6,6%-ға $1893,1 дейін өсті. Ұлттық банк басшысының айтуынша, 2021 жылы қалпына келу қарқынына қатысты белгісіздік Еуропаның ең ірі экономикасы - Германияда тіркелген науқастар мен өлім-жітімнің рекордтық саны, сондай-ақ ағымдағы жылғы қаңтарда басқа континенттерге таралған Ұлыбританияда тіркелген вирустың жаңа штаммы аясында сақталуда. Бұл шектеу шараларын күшейтуге алып келді, бұл әлемдік экономиканың қалпына келуіне қауіп төндіреді.
«Global Composite PMI индексі 2020 жылғы желтоқсанда қарашадағы 53,1 тармақтан 52,7 тармаққа дейін төмендеді. Шектеу шараларына қарамастан, Еуроодақтағы іскерлік белсенділік индексі желтоқсанда 45,3-тен 49,1-ке дейін өсті. Сонымен қатар, Қытай өнеркәсібіндегі іскерлік белсенділік индексі өндіріс өсуінің баяулауына байланысты бір айда 54,9-дан 53-ке дейін төмендеді», — деді Е. Досаев.
Қазақстандағы іскерлік белсенділіктің шоғырландырылған индексі 2020 жылғы желтоқсанда көбінесе құрылыстағы іскерлік белсенділіктің төмендеуі есебінен 49,4-тен 49-ға дейін төмендеді, онда көрсеткіш 52,5-тен 49,5-ке дейін қысқарды. Қызмет көрсету саласында 0,7 тармаққа 48-ге дейін төмендеу байқалуда.
Сонымен қатар, өнеркәсіп 2020 жылғы қаңтардан бастап алғаш рет оң көрсеткішке жетті, индекс 49,6-дан 50,3-ке дейін көтерілді. 2020 жылы Қазақстан экономикасының 2,6%-ға жалпы төмендеуі Ұлттық Банктің 2,5-2,7% деңгейіндегі болжамдарына сәйкес келеді. Жылдық инфляция да бір ай бұрынғы 7,3%-бен салыстырғанда 2020 жылдың соңында 7,5%-ға дейін жылдамдап, Ұлттық Банктің 7,0-7,5% деңгейінде күтулеріне сәйкес қалыптасты. Бағаның жалпы өсуіне ең көп үлес азық-түлік инфляциясы қосуда.
Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі нарықтарда жекелеген тамақ өнімдерінің (өсімдік майы, қант, жұмыртқа) теңгерімсіздігі күшейгеннен 10,8%-дан 11,3%-ға дейін ұлғайды. Азық-түлікке жатпайтын инфляция киім мен аяқ киім бағасының 4,8%-ға (қарашада - 5,2%) дейін өсуінің баяулауы аясында 5,7%-дан 5,5%-ға дейін баяулады. Ақылы қызмет инфляциясы қоғамдық тамақтану қызметі мен қонақ үйде қызмет көрсету бағасының өсуіне байланысты 4,1%-дан 4,2%-ға дейін жеделдеді.
2020 жылғы желтоқсанда мұнай бағасы өсуі және экспорттаушылардың салық төлемдерін жүзеге асыру үшін шетел валютасын сатуы есебінен өскен ішкі ұсыныспен қатар тәуекелді активтерге сұраныстың артуы теңгенің айырбастау бағамының бір АҚШ доллары үшін 425,07 теңгеден 420,91 теңгеге дейін 1,0%-ға нығаюына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, 2020 жылы ұлттық валюта дамушы елдердің басқа валюталарымен қатар инвесторлардың тәуекел активтерінен шығуына әкелген коронавирустан туындаған дағдарыс аясында әлсіреді. Мәселен, Бразилия реалы 29,0%-ға, түрік лирасы 25,0%-ға, ал Ресей рублі 19,3%-ға әлсіреді. 2020 жылы теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 382,60 теңгеден 420,91 теңгеге дейін 10%-ға әлсіреді.
Е. Досаев атап өткендей, сыртқы жағдайлардың жақсаруына байланысты және Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесе отырып қабылдаған шаралар кешенінің арқасында теңгенің айырбастау бағамы наурыздағы 448,5 теңгеге дейінгі құлдырауын біршама артқа қалдырып жылды жапты.
Осы жылы 11 қаңтарда биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша айырбастау бағамы айдың басынан бері тағы да 0,4%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 419,18 теңге болды. Тауар экспорты мұнай мен газ конденсаты экспортының төмендеуіне байланысты 18,2%-ға немесе $35,3 млрд дейін $7,9 млрд-қа қысқарды. Тауар импорты инвестициялық және аралық тауарларды әкелудің қысқаруы нәтижесінде 9,6%-ға немесе $26,4 млрд дейін $2,8 млрд-қа қысқарды.
«Алтын бағасының өсуі нәтижесінде алтын портфелінің бір жылда $4,7 млрд-қа $23,6 млрд дейін өсуі есебінен алтынвалюта резервтері 2020 жылғы 31 желтоқсанда алдын ала деректер бойынша $6,7 млрд ұлғайып, $35,7 млрд болды. Алтын-валюта резервтері құрамындағы еркін конвертацияланатын валютадағы активтер Қарашығанақ консорциумынан өтемақы шеңберінде қаражат әкелінуі, Азия Даму Банкінің қарызы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер қаражатының Ұлттық Банктегі валюталық шоттарға әкелінуі есебінен $2 млрд-қа өсті», — деді Е. Досаев.
Ұлттық қордың активтері дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру аясында шығыстардың түсімдерден асып кетуіне және мұнай бағасының құлдырауына байланысты бір жыл ішінде $3,1 млрд төмендеп, $58,7 млрд құрады. Нарықтық құбылмалылыққа қарамастан, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 2020 жылдың қорытындысы бойынша оң болып қалды және $4,1 млрд немесе 7,5% құрады.
Банк жүйесіндегі депозиттер 2020 жылғы қарашаның соңында негізінен теңгемен салымдардың өсуі есебінен жыл басынан бері 15,3%-ға ұлғайып, 21,9 трлн теңге болды. Ұлттық валютамен салымдар 13,3 трлн теңгеге дейін 23,1%-ға, валютамен салымдар 2020 жылғы қарашаның соңында 8,6 трлн теңгені құрап, 5,1%-ға өсті. Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 2020 жылғы қарашада 39,3%-ға дейін төмендеді.
Экономикаға кредиттер 2020 жылдың басынан бері ұзақ мерзімді кредиттердің өсуі нәтижесінде 2020 жылғы қарашаның соңында 14,65 трлн теңгеге дейін 5,6%-ға ұлғайды. Қысқа мерзімді кредиттер 2,1 трлн теңгеге дейін 3%-ға немесе 60,5 млрд теңгеге ұлғайды. Бизнестің кредиттік портфелі 2020 жылдың басынан бері 7,29 трлн теңгеге дейін 1,2%-ға ұлғайды. Бизнестің теңгемен кредиттері бойынша ставка 2020 жылғы қарашада 11,9%, оның ішінде қысқа мерзімді кредиттер бойынша – 11,6%, ұзақ мерзімді кредиттер бойынша – 13,1% болды.
2020 жылдың басынан бастап халықтың кредиттері 7,36 трлн теңгеге дейін 10,5%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында тұтынушылық қарыздар 4,3 трлн теңгеге дейін 3,2%-ға, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен ипотекалық қарыздар 2,3 трлн теңгеге дейін 27,8%-ға өсті.
Экономиканы қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда.
1. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кәсіпкерлерден 1 трлн теңге сомасына 1 373 өтінім келіп түсті, оның ішінде банктер жалпы сомасы 658,9 млрд теңгеге 854 өтінімді мақұлдады, 516,2 млрд теңге сомасына 778 қарыз берілді.
2. Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсанда кәсіпкерлер 612,5 млрд теңгеге 2 493 өтінім берді, оның ішінде 474,6 млрд теңгеге 1 733 өтінім мақұлданды, 528 млрд теңгеге 5 158 қарыз берілді, оның ішінде 136 млрд теңгеге 2 454 қарыз бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен берілді.
Ұлттық Банктің қаржыландыруы есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау жалғасуда.
1. «7-20-25» бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 30 желтоқсанда 567,3 млрд теңгеге 48 355 өтінім қабылданды, 326,2 млрд теңгеге 27 700 өтінім мақұлданды, оның ішінде 258,7 млрд теңге сомасына 22 169 қарыз берілді.
2. «Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 30 желтоқсанда 868,6 млрд теңгеге 95 719 өтінім қабылданды, 457,4 млрд теңгеге 50 939 өтінім мақұлданды, 370,1 млрд теңгеге 42 166 қарыз берілді.
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Кеше
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Кеше
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Кеше
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Кеше
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Кеше
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Кеше
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Кеше
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Кеше
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторға байқау жарияланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы жаңарып, бұрынғы хатшысы орнында қалды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық жүргізуші 5 жыл бұрын есептен шығарылған нөмірмен жүрген
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Жедел жәрдемнің қатысуымен болған апат: медициналық қызметкер қайтыс болды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда 33 жыл бойы өзгермей тұрған рекорд жаңарды
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • 15 Қаңтар, 2021
Дариға Назарбаева Мәжілістің Экономикалық реформалар жөніндегі комитеті құрамына кірді
Парламент • 15 Қаңтар, 2021
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2021
Түркіменстан мен Ауғанстан жаңа көлік жобасын іске қосты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар