Коронавирус • 12 Қаңтар, 2021

Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті Мысырдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталғанын хабарлады.

Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

2021 жылғы 11 қаңтарында Қазақстан аумағына Швейцария, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді.

1 085 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 922 адам, анықтамасыз 163 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 721 жолаушы, анықтамамен - 581, анықтамасыз - 140;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 223 жолаушы, анықтамамен – 202, анықтамасыз - 21;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 140 жолаушы, анықтамамен – 138, анықтамасыз - 2;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 10 қаңтарында анықтамасыз келген 372 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.