Ал ол қарсы бетте келіп қалған Toyota Rav 4 көлігін ұрған. Нәтижесінде оның 14 жасар жолаушысы жарақат алып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
ЖКО бойынша Mersedes Benz-тің 26 жастағы жүргізушісіне қатысты әкімшілік материалдар жиналуда.
Жаңа жыл басталғаннан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында осындай алты ЖКО болып, оның зардабынан 7 адам жарақаттар алды. Барлығы 600-дей жол ережесін бұзу фактілері анықталды.