Жуырда солтүстікқазақстандық ПД осы жыл қорытындыланды. СҚО аумағында 202 учаскелік полиция пункті орналасқан, оның 13-і – Петропавл қаласында. Оларға 289 учаскелік инспектор мен 70 көмекшісі қызмет көрсетеді. Нормативтер бойынша қалалық жерде инспекторға 2300 адам, ауылдық жерлерде – 1200 адамнан келеді. Бұдан басқа, әр төрт инспекторға олардың жұмысына жауапты бір қызметкер бекітілген, ол қосымша 1000 адамға қызмет көрсетеді. «Учаскелік инспекторларды техникалық жабдықтау қызметті дамытуға мықты серпін болды», — дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. — «Бүгінгі таңда олардың қарамағында 181 бірлік компьютерлік техника, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімімен электронды форматта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін 269 планшет, 201 алып жүретін бейнетіркегіш, 145 қызметтік көлік бар. Бұдан бөлек, республикада алғашқылардың бірі болып петропавлдық УПП бейнебақылаумен жабдықталды. Цифрлық ортаға қосылу адамдардың өтініштерін жылдам әрі тиімді қарастыруға септігін тигізеді, есептегі контингентті бақылауға уақыт береді».
Өткен жылы СҚО-да учаскелік инспекторлар 54 мыңнан аса құқық бұзушыны жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 10 мыңнан астам адам масаң күйде қоғамдық орындарға келгендер, 3300 аса бұзақы, 2600 астамы түнде тыныштықты бұзғандар. Бұдан басқа, учаскелік инспекторлардың қызмет көрсететін аумақтарын бес саусағындай білуінің арқасында облыста 2536 қылмыс ашылды.