Осы мақсатта «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахыт Өскемен қаласында орналасқан тұрақтандыру қорының павильондарына барып, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бекітілген бағаға сай сатылуына және сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді.
Қазіргі уақытта Өскемен қаласында ӘКК 18 сауда нүктесінде іске асырылуда (13 жұмыс істейді, конкурсты өткізу сатысында 5 павильон), Семей қаласында 11 павильон (5 жұмыс істейді, конкурсты өткізу сатысында 6). ӘКК павильондарында сату сауда үстемесін қолданбай жүзеге асырылады. Барлық сауда нүктелері сәйкестендірілген, белгілермен, плакаттармен, баға белгілерімен айқындалған. ӘКК конкурстық негізде кәсіпкерлерге сауда павильондарын жалға береді. Бұдан басқа, Өскемен, Семей қалалары мен аудан әкімдіктері ең төменгі сауда үстемесімен өнімдерді сату үшін аймақтың азық-түлік сауда кәсіпорындарымен меморандумдар жасау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Меморондумға сәйкес ӘКК ұсынған өнімдер бағасын 15%-тен асырмай сатуға рұқсат берілген.
«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің шектік бағадан асып кетпеуіне үнемі қоғамдық бақылау жүргізетін болады.