«Миялы ауылында орналасқан Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте 21 оқушы инклюзивті білім алады. Оның алтауы үйінде дәріс алып отыр. Бесеуі психикалық дамуында тежелуі бар балаларға арналған (ПДТ) сыныпта, қалғаны қатарластарымен бірге оқиды», дейді мектеп директоры Гүлшара Сары.
Оның мәліметінше, мектепте физика, информатика, химия, биология пәндері үш тілде оқытылады. Ал, 8-11-сыныптарға аталған пәндер үйірме, факультатив сабақтың есебінен енгізіліпті.
«Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнайы жеңілдетілген бағдарлама қарастырылды. Мектептің психологтары осындай оқушыларды коррекциялық жұмыстар арқылы тәрбиелейді. Оқушылар ойлау қабілетін дамытатын моторикалық ойындарға қатысып, жаттығулар жасайды», дейді мектептің педагог-психологы Баршагүл Сарсенғалиева.