Қазақстан • 12 Қаңтар, 2021

Сайлауға 130 мыңға жуық әскери қызметші қатысты

15 рет көрсетілді

Қорғаныс ведомствосында өткен аппарат кеңесінде армияның ағымдық тыныс-тіршілігінің негізгі мәселелерін қарады.

Қарулы Күштерде Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауын ұйымдастыру туралы лауазымды тұлғалар баяндады. Барлық әскери қызметшілерге дауыс беруге қатысуға мүмкіндік берілді.

Офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және азаматтық персонал тұрғылықты жері бойынша дауыс берді.

Әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарында 19 сайлау учаскесі құрылды. Оларға сайлауға 11 мыңнан астам мерзімді қызметтегі әскери қызметші мен курсант қатысты. Сонымен қатар аталған учаскелерде болған бақылаушылар бұзушылықтарды байқамады.

Қарулы Күштерден барлығы 130 мыңға жуық әскери қызметші, азаматтық персонал өкілдері мен олардың отбасы мүшелері дауыс берді.

Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің басшылығына сайлауды ұйымдастырғаны үшін, ал жеке құрамға саналы және белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты.

2020 жылдың желтоқсан айының соңында жергілікті әскери басқару органдары әскерге шақыру науқанын аяқтады, оның барысында 17 мыңнан астам адам Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға шақырылды. Қорытындылау кезінде өткен жылы әскерге шақыру жоспарының жүз пайызға орындалғаны атап өтілді. Сондай-ақ, уақтылы қабылданған санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әскерге шақырылушыларды міндетті түрде бірнеше рет ПТР-тестілеу жүргізілгені айтылды. Бұл әскери қызметшілердің коронавирус инфекциясын жаппай жұқтыруын болдырмауға мүмкіндік берді.

Қорғаныс ведомствосының басшысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2021 жылы әскер қатарына шақыруды ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тапсырмалар берді.

Қарулы Күштер үшін әскери қызметшілердің әлеуметтік, оның ішінде заңнамаға өзгерістер енгізуді талап ететін мәселелерін қарастыру жөніндегі шаралар маңызды болуы керек. Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев барлық шаралар жауынгерлік әзірлікті, сондай-ақ әскери қызметшілердің заңды құқықтарын сақтауды ескере отырып, теңдестірілген түрде қабылдануы тиіс екенін атап өтті.

Жеке лауазымды тұлғаларға әскерді заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру бойынша іс-шараларды жоспарлау тапсырылды.

Бас қолбасшылар жауынгерлік әзірлік жөнінде баяндады. Қаңтар айында Қарулы Күштерде бөлімшелерді үйлестіру басталды. Оқу барысында әскери қызметшілер бөлімшелер құрамында жауынгерлік қимылдар тактикасын үйреніп, жауынгерлік мақсаттарды орындау барысында негізгі нормативті іс жүзінде пысықтайды. Бөлімшелердің үйлесімділігі айдың соңында жауынгерлік атыстар кезінде аяқталады.

Қолайсыз ауа-райы жағдайларына қарай қорғаныс министрі жауынгерлік даярлық барысында жеке құрамды толық қажетті киім-кешекпен және жабдықпен қамтамасыз етуді назарға алды. Әскери қалашықтарда жылу беруді және су құбырларының дұрыстығын, тұрғын үй мен қызметтік үй-жайлардың температурасының сақталуын бақылауды күшейтуге нұсқау берді.

Штаттан тыс жағдайлар туындағанда қолдану үшін өрт қауіпсіздігіне қарсы шараларды қабылдау, сондай-ақ көшіру және қар тазалайтын техникалардың ұдайын әзірлігін қамтамасыз ету тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар

TikTok желісінде олқылықтар табылды

Технология • Бүгін, 10:29

Бүгін Шымкентте ауа ластанады

Экология • Бүгін, 09:19

Қазақстанда 1163 адам ем-дом алды

Коронавирус • Бүгін, 09:06

Қожа Хафиздің құнды еңбегі

Руханият • Бүгін, 08:50

Қалада қар борайды...

Аймақтар • Бүгін, 08:47

Архивтер мәселесіне арналды

Парламент • Бүгін, 08:35

Бала дамуына бап керек

Қоғам • Бүгін, 08:33

Пойыз енді күнде жүйткиді

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Инфрақұрылым деректері цифрлануда

Технология • Бүгін, 08:10

Кенеттен бұзылған үнсіздік

Әдебиет • Бүгін, 08:08

Қарғыс жаудырған қарғалар...

Әдебиет • Бүгін, 08:06

Тапсырыс табысқа жетелейді

Экономика • Бүгін, 08:04

Екпе салу – қауіптің алдын алу

Коронавирус • Бүгін, 08:00

Ұтымды ұсыныс жасады

Пікір • Бүгін, 08:00

«Трактордан» жеңілді

Хоккей • Бүгін, 07:55

Шарықтаған қиял жемісі

Өнер • Бүгін, 07:52

Кібісе жылдың көктемі

Руханият • Бүгін, 07:47

Ұқсас жаңалықтар