Білім • 12 Қаңтар, 2021

18 қаңтардан бастап ЖОО-ның 1 курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды

2323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 қаңтардан бастап жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері дәстүрлі форматта оқитын болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

18 қаңтардан бастап ЖОО-ның 1 курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды

«Бүгінде Қазақстанда 128 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Білім алушылардың контингенті – 619 861 адамды құрайды. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылғы қыркүйек айында коронавирус пандемиясына байланысты жоғары оқу орындарында оқыту процесі қашықтан және аралас форматта болды. Бұл үшін ЖОО-лар қажетті цифрлық инфрақұрылыммен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізді», деді М. Дәуленов.

Оның айтуынша енді осы жылдың 18 қаңтарынан бастап ЖОО-ның 1 курс студенттері көбінесе дәстүрлі форматта оқитын болады.

«Нақтырақ айтсақ, лекциялар онлайн форматта ұйымдастырылады. Ал семинарлар, зертханалық және практикалық оқулар дәстүрлі форматта болмақ. 2, 3, 4-інші курс студенттері үшін оқу форматы бұрынғыша қалады», деді вице-министр.