Қала экономикасын дамытуға өткен жылы 278,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,56 пайызға артқан.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020-2025 жылдар аралығында құны 1,4 трлн теңгені құрайтын 157 инвестициялық жобалардың базасы әзірленген. Оның ішінде өткен жылы шетел инвесторларының қатысуымен 13,1 млрд теңгеге 350 жаңа жұмыс орнымен 5 жоба іске асырылды.
Қалада инвестициялық жобаларды бақылау мен мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру мақсатында пилоттық режимде «Жобалық басқару кеңсесі» жұмыс істеп келеді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай жасау үшін «Кәсіпкерлерге арналған Үкімет» фронт-офисі ашылып, шағын және орта бизнес үшін екінші деңгейлі банкттер тарапынан 35,0 млрд теңге несие берілген.