11 Желтоқсан, 2013

Түркияда наразылыққа қатысқан 225 адамға сот жүзінде айып тағылды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 12 - TurkiyaТүркия прокуратурасы жаздағы наразылық акцияларына қатысқан 225 ереуілшіге сот жүзінде айып тақты. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Митинг туралы заңды бұзудан бастап, діни ғимараттарға зақым келтіру мен қылмыскерлерді жасыру айыптары түріктермен қатар, шетелдің жеті азаматына да тағылған.

Түркиядағы жаппай наразылық Гези саябағындағы ағаштардың қырқылуына қарсы шыққан экологтардың шағын акциясынан басталған болатын. Кейіннен ереуілшілердің қатары көбейіп, олардың талаптары да саяси бағыт ала бастады.

Ереуілшілерді тарату үшін полиция су атқыш, көз жасаурататын газ және тағы басқа арнайы құралдарды қолданды. Нәтижесінде алты адам қаза болып, сегіз мыңға жуығы түрлі жарақат алған. Түркия премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоган бірнеше рет ереуілшілерді қылмыскерлер деп атап, оларға қарсы қатаң шаралар қолданылатынын ескерткен болатын.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Lenta.ru

Соңғы жаңалықтар