11 Желтоқсан, 2013

Ғалымдар жер бетіндегі ең суық мекенді анықтады

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 12 - AntarktidaҒалымдар жер бетіндегі ең суық мекенді анықтады. Ол жердегі ауа температурасы -91,2 градусты көрсеткен. Бұл туралы Utro.ru хабарлады.

АҚШ-тың қар мен мұз деректері жөніндегі ұлттық орталығының ғалымдары жер бетіндегі ең суық мекенді Антарктидадан тапты. Ол жердің ауа температурасын зерттеу кезінде мамандар спутник пен өзге де заманауи құрылғыларды қолданған. Жердің ең суық нүктесі 3779 метр биіктікте орналасқан екен. Ондағы ауа температурасы -91,2 градусты көрсеткен. Дегенмен, ғалымдар Жерде бұдан да суық мекеннің болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Себебі, рекордтық көрсеткішті құраған ауа температурасы мұздықтың үстіңгі бетінен анықталған. «Кейбір шағын учаскелерде ауа температурасы бұдан да төмен болуы әбден мүмкін», – дейді зерттеу авторларының бірі.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Utro.ru

Соңғы жаңалықтар