Қазір аймақта кедергісіз қызмет көрсетуге арналған 101 фронт-кеңсе мен опен спейс, 17 ашық әкімдік қызмет жасауда, яғни мемлекеттік қызметшілер халыққа жақындап, тұрғындар қолайлы жағдайда қызмет алуда.
Өңірімізде 210 мекеменің басшысы қызметтік бөлмелерін бірінші қабатта орналастырды. Олардың көбісі медицина және білім беру ұйымдарының басшылары.
Тұрғындар тарапынан әлеуметтік объектілер мен инфрақұрылымның бюджетін пайдаланудың тиімділігін бағалау мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы да жұмыс жасап келеді. Аталған карта арқылы облыстың әрбір тұрғыны бюджеттік ақшаның қалай, не үшін және қанша мөлшерде жұмсалатынын көре алады, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Ардақ Ерсейітов.
Департамент басшысы өңірде «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылу барысы жайлы да айтып өтті. Бұл бағытта депарамент өкілдері, қоғам белсенділері «Ұлттық жол активтері сапасы» орталығымен бірге мониторингтер жүргізген.
Оның барысында 58 кемшілік анықталып, оны жою бойынша мердігер компанияларға тиісті хабарлама жіберілді. Бүгінде олардың 28-і орындалды.