Аймақтар • 12 Қаңтар, 2021

Ауасы айналмайтын орындар індет ошағының негізгі көзі болып отыр

199 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Профессор Ахметжан Сүгірәлиев, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында Алматыдағы коронавирусқа қатысты жағдай туралы айтып, ағзаны қорғау үшін санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауасы айналмайтын орындар індет ошағының негізгі көзі болып отыр

Фото авторы: Максим Золотухин

«Жағдай кез келген уақытта нашарлауы мүмкін. Мерекелер, Жаңа жыл, Рождество өтті, онда адамдар бір-бірімен тығыз байланыста болып, қонаққа барады. Коронавирустың инкубациялық кезеңі 10-нан 14 күнге дейін, және осы уақыттан кейін мереке маусымынан бастап белгілер пайда болуы мүмкін, содан кейін статистиканы өзгертіп, жағдай нашарлауы мүмкін. Сондай-ақ, нашарлау аурудың қабаттануына әкелуі мүмкін, мысалы, адам бір уақытта тұмау мен коронавируспен ауруы мүмкін, бұл науқастың иммунитетін нашарлатады, бұл аурудың неғұрлым ауыр өтуімен көрінеді», деді ол.

Сондай-ақ, профессор инфекцияның жоғары қаупі қай жерлерде екенін айтты.

«Қыс мезгілінде адамдар көп адамдар жиналатын жабық жерлерде ұзақ уақыт болған кезде,әрі оған қоғамдық көлікті қоссақ ауру қаупі артады. Адамның нашар желдетілетін жерлерде ұзақ уақыт болуы инфекцияның негізгі көзі болып табылады», деп түсіндірді Ахметжан Сугралиев.

Қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтауды жалғастыруы керек.

«Сау адамға вирустың көп мөлшері берілгенде, отбасының басқа мүшесінен жұқтырған адамдар аурудан ауыр өтеді. Қарт адамдар мен басқа аурулары бар адамдар да үлкен қауіпке ие. Мұндай адамдар, ең алдымен, үйде болуы керек. Жеке гигиена мен сақтық шаралары да маңызды. Маскаларды дұрыс кию, яғни мұрынды да, ауызды да жабу, бетті, көзді, ауызды және мұрынды жуылмаған қолмен ұстамау», деп үндеді профессор алматылықтарға.

Еуропада коронавирустың жаңа штаммы табылып жатқанын ескере отырып, карантиндік шараларды ерекше сақтау керек. Вирустың жаңа штаммы анағұрлым жұқпалы, яғни ол тез таралады. Оның айтуынша, бұл гигиена мен қауіпсіздік шараларының маңыздылығын арттыра түседі.

Вакцинацияның басталуына қарамастан, арқаны кеңге салуға болмайды. Ахметжан Сүгірәлиев вакцина келгеннен кейін де сақтық шаралары сақталуы тиіс екенін атап өтті.

«Коронавирус-бұл инфекцияның табиғи, маусымдық жұғуы циклдеріне қарай қоймайтын, алдын-ала болжануы қиын ауру. Өткен жылдың жазы-бұған мысал. Сондықтан біз әрқашан сақ болуымыз керек», деп түйіндеді профессор.

12 қаңтардағы жағдай бойынша Алматыда 19747 адам коронавирус жұқтырды, 18037 адам сауығып, 406 адам қайтыс болды. Қала тұрғындарына санитарлық нормаларды сақтау және мүмкіндігінше көпшілік жиналатын жерлерден аулақ болуға кеңес беріледі.