11 Желтоқсан, 2013

Оңтүстік Қазақстанда күйеуін өлтіруге тапсырыс берген әйел ұсталды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 12-ZortОңтүстік Қазақстан облысында азаматтық некедегі күйеуін тапсырыспен өлтірткен әйел ұсталды. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Әйел інісіне күйеуінің көзін жоюды тапсырған. Жездесін «балыққа барамыз» деп алдаған балдыз сыбайласымен бірге оны буындырып өлтіріп, мүрдесін су қоймасының маңына көмген. 39 жастағы әйел інісіне айтқанын орындағаны үшін 1 млн. теңге береді. Оның інісі болса, қылмысты бірге жасаған күдіктіге жездесінің көлігін беріп, есеп айырысқан. Қазір құқық қорғау қызметкерлерінің қолына түскен 3 айыпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. «Ұсталған азаматшаның айтуынша, азаматтық некеде тұрған күйеуімен 1,5 жылдан бері бірге тұрған. Ол әйеліне қол көтеріп, бизнесіне қол салмақшы болған көрінеді. Осы себеп ауыр қылмыс жасауға итермелепті»,-дейді облыстық ішкі істер департаменті тіл және ақпарат басқармасының жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «24 kz».

Соңғы жаңалықтар