11 Желтоқсан, 2013

Ақтөбеде екі адамды қағып кеткен жүргізуші қолға түсті

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

DTP zimaАқтөбе облысында 9 жасар бала мен әкесін көлікпен қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Бас-ми жарақатымен жансақтау бөліміне түскен Ерболат Жұмағалиевті аман алып қалу мүмкін болмады. Баласының жағдайы әзірге мәз емес көрінеді. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен қала тұрғыны қамауға алынған. Ол өз кінәсін мойындады. Жалпы, облыста адам өліміне себепші болған 9 жүргізуші іздестірілу үстінде. «Екі адамды көлігімен қаққан жүргізуші оларға алғашқы медициналық көмек көрсетпей, оқиға орнынан бой тасалаған. Айыпкердің қашып кеткені үшін Қылмыстық кодекстің 296-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-дейді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар