Қазаққа Халық театры қажет пе өзі?! Алдымен осы сұраққа жауап беріп көрейікші. Сіз қалай ойлайсыз? Кәсіби театрлар күнін әрең көріп жүргенде, бұлардың әрекеті әлін білместің әлегіне ұқсамай ма? Мұны бір деп түйіп қойыңыз. Жылтырақ мәдениеттен жылыстап шығудың ретін таппай жүргенде, текті өнерге теріс қарағанымыз тіпті ұят.

Жақсы ниеттің жарым төбесін көрсе қуанатын ұлтпыз ғой. Ауылда жүрген таланттардың атымтай ниетін қолдауға мемлекет неге құлықсыз? Бұл – екі. Жүптеп отырған үшінші сауалымыз да бар. Ал оған мақаламыздың соңында ораламыз.
Жоғарыдағы мәселелердің шешіміне жол салмас бұрын, жалпы жұрттың өнері елдің тіршілік қалпындағы белгілі шарттардан туатынын аңдағанымыз жөн. Бұл тұста көңіл аударатыны – бәсекеге түсіп жатқан ұлттың ішкі өнері. Оның хал-жағдайын білу үшін мәдени ошақтарға мән бергеніміз абзал. Мұны Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында сөз етіп, тайға таңба басқандай атап көрсетті. «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», деді тұңғыш Президент. Ол рас, ұлттық мәдениет қай кезеңде де рухани жаңғырудың бастауы.
Тәубе, біздегі мәдениет саласы бүгінде қайта түлеп, қанатын кеңге жайды. Театрлар өзінің көрерменіне жол таба білу тетіктерін меңгеріп келеді. Жаңа инновациялық жобалар, тың идеялар мен жас актер, режиссерлердің жаңа толқыны өнер ошақтарына өзіндік көзқарас, өзіндік қолтаңба әкелді. Өнерде шекара жоқтығын халықаралық өнер сахналарына жиі жол тарта бастаған шығармашылық ұжымдар дәлелдеп жүр. Қазақтың ұлттық театрлары, дәстүрлі ән-жыры, төл мәдени мұралары әлем елдерін тамсандыра бастады. Қазақ қашанда өзінің ұлттық өнерімен ұлық. Ендеше, бұл жолдағы ізденіс пен жаңа шығармашылық көкжиектер қазақ халқының мәртебесін өсіре беретіні ақиқат.
Енді әттегенайын айтайықшы. Елбасы мақаласы негізінде өңір-өңірлерде, тіпті шалғай ауыл-аймақтарда екі қабатты Мәдениет үйлері бой көтерді. Тұрғын саны мыңнан әзер асатын елді мекендердің өзі шағын мәдени шараларын зәулім ғимараттарда өткізіп, мәре-сәре болып жүр. Бұл жақсы ғой. Ал сол ауылдың көркіне айналған нысандардың сырты әдемі болғанымен, іші қуыс. Қуыс дейтініміз, бір күзетшісі және 3-4 қызметкері ғана бар. Шығармашылықпен айналысуға шағын ұжымның шамасы жетпейді. Оған мәдениет басқармалары бас қатырып жатқан жоқ. Алдымен экономика деп түсінетін аймақ басшыларының айыбы осы болып тұр. Біз көтеріп отырған Халық театрларының да мәселесі содан өрбиді.
Қаланы қайдам, ауданға ұлттық өнерге ұраншы болатын бір Халық театры ауадай қажет. Жалпақ жұрттың көзайымына айналған тума таланттардың басын қосқан өнер ұжымының болашақта жасындай жарқырап шығар жұлдыздары бар. Әртістігін айғақтайтын қолында дипломы болмаса да, театрға деген махаббаты кәсіби мамандардан кем түспейтін жастардың талантына таңдай қағасыз. Бәрінен бұрын олардың өнерге сүйіспеншілігі мен туған жерге деген адалдығы көзге ұрып тұр. Неміс жазушысы Томас Манн «Театр тобырды халыққа айналдырады» дейді. Жергілікті халықты театр өнерімен таныстыратын да, олардың мәдени, қоғамдық өміріне әр беріп, рухани-эстетикалық сұранысына сай қызмет етуге тырысып бағатын да бірден-бір ұжым Халық театры екені даусыз. Әмбе тасада қалған таланттардың шамын жағатын рухани шаңырақ.
Шыны керек, бүгінде ауданда аталып өтетін мерекелік кештерді, драмалық ойынды қарашаның ыстық ықыласына бөленген осы әртістер атқарады. Қаржысы аз, жағдайы кісі қызығарлықтай болмаса да, «Халық театры» деген атауды өлтірмей, аман-сау алып келе жатқан осы өнерпаздардың еңбегі қалай еленеді? Біздің көкейді қыздыратын осы түйткіл.
Халық театры халықтың өзінен шыққан азаматтарды тәрбиелейді. Мәселен, жақында «Нарынқол» халық театры ашылды. Кейін «Қара дала» театры. Екі ұлттың өкілі намыстана бір істі ұйғыр, қазақ болып бөлінбей қолға алды. Бұл бір шаңырақ астындағы ұлттардың алауыз болып бөлінбей, аудан намысы үшін атқарып жатқан ісі. Игілікті бастама Алматы облысындағы барлық ауданға үлгі болды. Айтарлығы сол Алматы өңіріндегі барлық аудандағы өнерпаздарға жол салып берді. Нәтижесінде, облыс орталығына келіп, 10 ауданның мәдениет бөлімінің қызметкерлері қойылым қойды. Ертеректе жұмысы тұралап қалған халық театрларын қайта ашты. Бұл ашты деген жай ат қана. Оларға ешкім қаржы бөліп беріп отырған жоқ. Нарынқолда театр ашылды деген сөздің өзі арғы беттегі, яғни Қытайдағы қандастарымыздың да құлағына жеткен. Дабыралап айтып жүр. Осы айтулы іске мұрындық болған өнер жанашыры Асқар Наймантаевқа хабарласып, қазіргі халық театрының хал-ахуалын сұраған болатынбыз.
«Қордаланып бара жатқан мәселенің қолтығын сөге әңгімелесек. Жылда еліміздегі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын небір талантты жастар тәмамдап жатады. Оның ішіндегі театр актерлерін алайық. Әуелгі мақсаттары халық үшін қызмет қылсам-тұғын. Ал солардың барлығын кәсіби театрлар жұмысқа ала ма? Олардың бұрыннан келе жатқан өз әртістері бар емес пе? Олай болғанда әуелгі ыдырап кеткен халық театрларын неге жандандырмасқа деген сауал туындауы заңдылық қой. Жыл аяғына дейін Алматы облысындағы барлық аудан театр ашты. Халық назарына қойылымдарын ұсынды. Ал енді оны ашылды деді де қоя салды. Оған қолдау керек қой. Театрда кем дегенде 15 әртіс өнер көрсетуі ләзім. Жаңадан ашылған өнер ордаларының тынысын кеңейту керек емес пе? Мемлекет, облыстағы әкімдіктерден штат берілуі тиіс. Алматы облысындағы театрларға 5-6-дан берілді. Бірақ ол деген тым аз. 5-6 адамнан қалай үлкен қойылым шығаруға болады?», дейді А.Наймантаев.
Елімізде жастарды ауылда сақтап қалайық деген мәселе бар. Қазір жастардың бәрі қалаға қашып жатыр. Аудандардағы халық театрларын ашсақ, бұл да аталған мәселенің бір шешімі емес пе?! Таңғалатыны осы проблемаға мемлекет, облыс басшыларын былай қойғанда, аудан әкімдері де бас қатырмайтын сияқты. Игілікті бастама сол ауданның көркеюі үшін ғой. Оқу бітірген жастар театрда актер болудан қашпайды. Ауданға іздеп барып, қайтып кетіп жатқандары бар. Барлығы сол, штаттың жоқтығынан. Талантты балалар табалдырықтан қайтуға мәжбүр. Руханиятсыз ештеңе оңбайды. Темірді қызған кезінде неге соқпаймыз. Міне, солардың бірі – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі Досбол Сұлтанбай.
«Ауылда осындай өнер ұйымы бар деген соң дипломымды қолыма алып барып едім, бос орын жоқ дегенде көңілім түсіп кетті. Менің кәсіби жетілуіме де халық театрының көмегі көп болар еді. Себебі үлкен сахналарда өнер көрсету үшін кішкентай баспалдақтарды басу қажет. Бәрінің айтатыны бір әңгіме. Баяғы штат жоқ. Өзім тәмамдаған оқу орыны облысқа жіберген. Әйтсе де онда да бізге лайық жұмыс жоқ», дейді жұмыссыз жас маман.
Біз аудандық жұмыспен қамту орталығына хабарласып, бос жұмыс орындарының штаттын неге мәдениет саласына бермеске деген сауал тастадық. Бірақ бұған заң аясында рұқсат етілмейді екен. Аудан әкімдері де ат-тонын ала қашты. Қазір облыстық мәдениет басқармалары Үкіметке арнайы хат жолдап, осы мәселенің шешімін іздестіруде.
«Бақанаста театр ашылды дегеннен кейін жұмыс істеуге өтініш білдірген жастардың қарасы көп. Тіпті өзіміз ауыл ішінде көзге түскен таланттарды тартпаққа оқталғанбыз. Бірақ оған бөлінген арнайы штат жоқ. Жоғары білімі бар жас мамандар да түйіндемесін жолдайды. Көзіндегі отты көріп, жұмысқа алғың-ақ келеді. Алматыда жүрген аудан жастары осында келіп, қызмет атқарғысы келеді. Дипломдық спектаклін қоюға оқталған жастардың да меселін қайтаруға мәжбүрміз. Театрымыздың алғашқы қойылымына техникалық қызметкерлер де қатысты. Ал оқушылар аудандық Мәдениет үйінде драма үйірмесі ашылса, соған қатыссақ деген ұсынысын айтады. Осы тектес тілегін айтқандар өте көп. Бұл – уақыт талабы. Жеңіл дүниеден халық жалықты», дейді Балқаш аудандық Мәдениет үйінің директоры Мұхтар Әзімбаев.
Бір сәт тарихқа көз жүгіртейікші. Оңтүстік Қазақстан облысында 1968 жылы Жетісай халық театры құрылып, бір жылдан соң драма театр дәрежесіне көтерілгені ел жадында. Бүгінгі халықтық өнер ұжымдарының кәсіби деңгейге өтуіне мүмкіндік мол. Тіпті кейбірі Еуропаны бағындырып үлгерді. Яғни өрлеу бар. Кәсіби театрларға бөлінген қыруар қаржының тамшысы тисе, халық театрлары бәсекелесуге дайын. Мұны еліміздегі өнер қайраткерлері жоққа шығармайды.
Таза өнерге көрермен қашанда табылады. Өшкеніміз жанды ғой деп қуанып отырғандар қаншама. Халық театры – кәсіби театрдың бірінші баспалдағы екенін ұмытпайық. Біздің жоғарыда жұптап отырған үшінші сауалымыздың жауабы – осы.
Өңірлердегі мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіледі
Қоғам • Бүгін, 12:25
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Бүгін, 12:07
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 11:44
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 11:31
Отбасы банкінде тұрғын үйді сатуға бес жылға шектеу қойылғандығы түсіндірілді
Қоғам • Бүгін, 10:52
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:24
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:44
Кардиология институтында бауырды тексеретін бірегей УДЗ аппараты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 09:02
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Тағайындау • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі конкурс жариялады
Қазақстан • Кеше
Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады
Әлем • Кеше
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабағын онлайн оқиды
Аймақтар • Кеше
Елордалықтар «Saqtandyry» жүйесін жаңартып отыруы тиіс
Медицина • Кеше
Ұқсас жаңалықтар