Сайлау • 13 Қаңтар, 2021

«Ақ жол» партиясы: депутаттық мандаттар бөлінді

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің пленумы өтті.

«Ақ жол» партиясы: депутаттық мандаттар бөлінді

Онда Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді. Сонымен Пленумның бірауыздан шешім шығаруы­мен Мәжілістің депутаттығына кандидат­тардың тізімі жарияланды:

  1. Перуашев Азат Тұрлыбекұлы
  2. Әбілдаев Азамат Рахатұлы
  3. Барлыбаев Ерлан Хайланұлы
  4. Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы
  5. Ерубаев Серік Сәрсенұлы
  6. Еспаева Дания Мәдиқызы
  7. Жұмабаева Айгүл Қызырқызы
  8. Иса Қазыбек Жарылқасынұлы
  9. Линник Андрей Григорьевич
  10. Өмірғали Ерлік Хайдарұлы
  11. Раманқұлов Мақсат Базаралыұлы
  12. Сембинов Азат Талғатұлы

Естеріңізге сала кетейік, 12 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы мәслихат­тар мен Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы­ның қорытындысын шығарды. Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы мә­лі­мет­теріне сәйкес, Қазақстан «Ақ жол» де­мо­­кратиялық партиясына 792 828 қазақ­стандық дауыс берді. Сайлау қоры­тынды­сы бойынша «Ақ жол» Мәжілісте 12 депу­таттық мандат алды.