Жиынға өңірлерде білім және тәрбие беру саласында қызмет етіп жүрген ұйымдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, мұғалімдер, телеарналардың жетекшілері қатысты. Бұл жоба өскелең ұрпақпен тәрбиелік жұмысты жүргізу қағидаларын жүйелеу үшін «Pухaни жaңғыpу» бaғдapлaмacының аясында жүзеге асырылмақ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын жан-жақты түсінуін ескеретін шаралардың маңызды бөлігі ретінде мектепке дейін және мектеп жасындағы балаларды рухани тұрғыда тәрбиелеу бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу болмақ.
«Бұл тақырып – көптен бері көкейде жүрген мәселелердің бірі. Өздеріңіз білесіздер, біздің министрлік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды үйлестіруші орган. Сонымен қатар қоғамның жан-жақты дамуына қатысты ұйымдастыру жұмыстарын атқарады. Қоғамды дамыту дегеніміз не? Әрине ең әуелі өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінен басталады. Бала тәрбиесі қоғам үшін қашанда маңызды мәселе. Жасыратыны жоқ, бүгінде балалардың тәрбиесіне, олардың ой қалыптастыруына әсер ететін сыртқы факторлар өте көп. Соның ішінде әсіресе, виртуалды әлемнің, бақылаудан тыс интернеттің ықпалы өте зор болып тұр. Сондықтан уақыт ұрпақ тәрбиесіне жаңа қырынан қарауды талап етіп отыр. Қазір, өкінішке қарай, балалар арасында қатыгездікке бейімдік, суицид, толеранттықтың төмендігі сияқты түрлі келеңсіздіктер кездеседі», деді министр.
Сонымен қатар ведомсто басшысы бұл мәселе кешенді зерттеуді қажет ететінін және қоғам үшін бала тәрбиесінде ата-анамен бірге балабақша, мектептердің де жауапкершілігі зор екенін атап өтті. «Сондықтан, бұл жобаны Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жүзеге асырамыз деген үміттеміз», деді Аида Балаева.
Іс-шараға қатысушыларды аталған Стратегиямен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова таныстырды. Ол құжатта «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын оқушылардың терең ұғынуы мен мектеп бағдарламасы пәндерімен ұштастырудағы ұсынымдарға ерекше көңіл бөлінгенін жеткізді. Аталған құжат отансүйшіштік, өлкетанушылық пен кәсіби бағдар беру бағыттары бойынша әзірленген. Стратегия мeктeпкe дeйiнгі балаларды, бастауыш, ортаңғы және жоғары сыныптардың оқушыларын қамтиды.
Онлайн-шара барысында Өскемен қаласы №27 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Бек Мұқанов, Нұр-Сұлтан қаласы №66 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын Бейсекова өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар талқылауға «Balapan», «El Arna» телеарналарының басшылары Мақпал Жұмабай, Арман Сеитмамыт, «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дос Көшім, «Atamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әлия Сағымбаева және тағы басқалар қатысты. Талқылау барысында қатысушылар тарапынан мeктeпкe дeйiн жәнe мeктeп жacындaғы бaлaлapды pухaни-aдaмгepшiлiкке тәрбиелеу тұрғысына қатысты бірқатар ұсыным айтылды.