«Түнгі сағат үштен бастап қалада 70-тен астам жол-көлік оқиғасы болды. Оның алтауында адамдар зардап шекті. Жауын-шашынның көп болуы қаладағы жол жағдайын едәуір қиындататыны анық. Кептеліс құбылыстары бар, көліктердің өткізу қабілеті нашарлайды. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, көбінесе кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдайлар туындатады, қауіпті маневр жасайды, бір-бірін сыйламайды. Ал жаяу жүргіншілер жолды тыйым салынған жерден кесіп өтеді. Бұл факторлар жалпы жол жағдайына кері әсер етеді», деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.
Айта кетейік, бүгін түнде Алматыда қалың қар жауды.