Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 12 қаңтарда сағат 10:19-да «Нұрсая» шағын ауданында болған.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде «Арнаулыавтобаза» ЖШС-нің «КамАЗ» маркалы қоқыс таситын автокөлігі жанып жатты. Өрт сағат 10:38-де оқшауланып, сағат 10:48-де толық сөндірілді. Жалынды сөндіруге жеке құрамның 7 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Өңірде былтыр 91, биылғы жылдың басынан бері 3 көлік өртеніп кеткен.