Коронавирус • 13 Қаңтар, 2021

100-ге жуық қазақстандық шетелден анықтамасыз ұшып келді

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті шетелден ұшып келген жолаушылар жайында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

100-ге жуық қазақстандық шетелден анықтамасыз ұшып келді

Өткен тәулікте Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 16 халықаралық әуе рейсі келді.

1 764 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 670 адам, анықтамасыз 94 Қазақстан азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 401 жолаушы, анықтамамен - 1 350, анықтамасыз - 51;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 322 жолаушы, анықтамамен – 319, анықтамасыз - 3;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 40 жолаушы анықтамасыз келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 12 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 163 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Соңғы жаңалықтар