Аймақтар • 13 Қаңтар, 2021

Заңсыз аң аулаған ауыл тұрғындары ұсталды

139 рет көрсетілді

Қызылордада заңсыз аң аулаған ауыл тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

12 қаңтар күні сағат 20:21 шамасында Қызылорда облысы ПД-ң Жалағаш аудандық полиция бөліміне «ОХОТЗООПРОМ ӨБ» РМҚ Қызылорда өңірлік филиалы мекемесінің қызметкерінен заңсыз аңшылық туралы хабарлама келіп түскен. Онда Аққыр ауылынан 30 шақырым жердегі «Шірен» деген учаскеде 36 жастағы азаматтың басқаруындағы «Уаз» автокөлігін тоқтатқанын көрсеткен. Тексеру барысында автокөлік ішінен аңшы мылтықтары мен аң аулауға тыйым салынған құралдар, яғни екі дана жарық шам (прожектор) және 13 дана қоян анықталған.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобымен үш күдікті 36 жастағы және 39 жастағы екі аудан тұрғыны ұсталды. Барлық айғақты заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Жалағаш аудандық полиция бөлімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар